Прокурорлар да таразыланады
Бейсенбі, 10 мамыр 2012 7:28
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кадрлық сапасын жақсартуға, сонымен бірге қоғам алдында олардың қызметінің ашық болуына үнемі назар аударып келеді. Осы мақсатта «Қазақстан республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойылды.

Қостанай облыстық прокуратурасының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жүргізген брифингі осы тақырыпқа арналды. Қадағалау органдары қызметкерлері аттестаттауда полиция өкілдері сияқты дене-күш дайындығынан тест тапсырмайды. Оның есесіне құқықтық-заңнама туралы білімі тексеріледі, логикалық ойлау қабілетін бағалайтын тапсырмалар беріледі. Тапсырманы орындай алмағандар, сұрақтарға жауап бере алмағандар қайта тапсырмайды, олардың қызметі төмендетіледі немесе жұмыстан босатылады.
– Облыстық прокуратураға 2600 сұрақ келді, сол бойынша дайындалып жатырмыз. Кезектен тыс аттестаттау үш сатыдан тұрады. Мамыр-маусым айларында облыстық прокуратура басшылары, маусым-тамыз айларында аудан, қала прокурорлары, ал маусым-қараша айларында жедел құрам өтеді, – деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Рашид Әпеков.
Кезектен тыс аттестаттау кезінде прокурорлардың мемлекеттік тілді қай деңгейде білетіндігі қаперге алына ма деген журналист сауалына облыс прокурорының бірінші орынбасары «жоқ» деп жауап берді. Ол мемлекеттік тілді үйрену үшін облыстық прокуратурада арнайы қазақ тілі кабинеті жабдықталғанын айтты.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
ҚОСТАНАЙ.