Аймақтар • 11 Сәуір, 2019

Мақтаарал ауданында «ақ алтын» 35 мың гектар жерге егіледі

1195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 35 мың гектар жерге мақта, 4,5 мың гектарға дәнді дақыл, 100 гектарға күнбағыс, 3,2 мың гектарға көкөніс, 11,5 мың гектарға бақша, 6 мың гектарға мал азықтық дақылдары егілмек.

Мақтаарал ауданында «ақ алтын» 35 мың гектар жерге егіледі

Жалпы аудан аумағындағы 61 мың гектарға жуық егістік жердің 58 мың гектар алқабында сор шаю жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда17 401 гектаралқап тырмаланып,7 681 гектаралқап чизельденіпті. Сонымен қатар, ерте егілген көкөніс көлемі 342 гектарға, дәнді дақылдар 127 гектарға, бақша 4 311,5 гектарға, жүзім 5 гектарға жеткен. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына байланысты өткен облыстық семинар-кеңесте аудан әкімі Б.Асанов әр күнді тиімді пайдаланып, мамырдың ортасына дейін шаруалар мақта шитін толық егіп бітуі тиіс екенін атап өтті.

Мақталы өлкенің негізгі дақылы мақтаны егу үшін 760 тонна тұқымдық шит дайындалған. Мамандардың кеңесіне сәйкес, мақта дақылының тиімді егу мерзімі ретінде 20 сәуір мен 25 мамыр аралығы белгіленіп отыр. Аудан әкімінің айтуынша, көктемгі дала жұмыстары үшін 954 ауыл шаруашылығы тракторлары, 415 чизель, 3 876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары сақадай - сай тұр. Шаруалар соңғы 3 айдың өзінде 139,3 млн теңгеге лизингке және өз қаржыларына 15 дана жаңа техника алған. Сондай-ақ дала жұмыстарын жүргізуге 4160 тонна жанар - жағармай бөлініп, «Sapali Munai» ЖШС-і арқылы 2 925 тонна, «Alem Munai inves» ЖШС-і арқылы 1 235 тонна таратылуда.