Тағайындау • 12 Сәуір, 2019

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды

1211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Болат Серікұлы Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды.

Петропавл қаласына жаңа әкім тағайындалды

Болат Жұмабеков 1972 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1997 жылы Тимирязев ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған. Кейін жер қатынастары саласында жұмыс істеген. Ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі және Тимирязев ауданының әкімі болған.

Облысы әкімі аппаратының басшысы, Қызылжар ауданы, Петропавл қаласының әкімі лауазымын атқарды.

Осы тағайындауға дейін Ғ. Мүсірепов ауданына жетекшілік еткен.

Солтүстік Қазақстан облысы