Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Түркістан: Жетісайлық диқандар Ресейге 20 тонна өнім жөнелтті

941 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 20 тоннасын Уфа қаласына жөнелтті.

Түркістан: Жетісайлық диқандар Ресейге 20 тонна өнім жөнелтті

Диқандар бір келісін 210 теңгеден саудалауда. Қожалық иесі Араб Рәтовтың айтуынша, биыл3 гектаржерге егілген қырыққабаттың1,5 гектары«кевин»,1,5 гектары«фарао» сұрпы. Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 80 мың дана көшет отырғызылыпты. Ал Атамекен ауыл округінде биыл жалпы300 гектаржерге қырыққабат егілген.

Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, биыл 77 мыңнан астам жерге егін егіледі. Қазірдің өзінде 40 мың310 гектаржер тырмаланып, 25 мың851 гектаржер чизельденген. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары басталмақ. Болжам бойынша биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге «ақ алтын» дәнін себеді.

Түркістан облысы