Қызметіміз – халыққа
Сейсенбі, 22 мамыр 2012 7:14
Егеменді еліміздің тыныштығын сақтауда Ақтау қаласы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері міндеттерін абыроймен атқаруда. Аталмыш бөлімге қарасты аумақ күн сайын жіті бақыланып, темір жол көлігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Жалпы, көліктегі полиция қызметі 1919 жылдан бері жұмыс істеуде. Соның ішінде 1990 жылы 3 ақпанда ҚР ІІМ №025 бұйрығымен Ақтау қаласының Ішкі істер желілік бөлімі құрылған болатын. Киелі Маңғыстауда орын тепкен Ақтау бекеті – ыңғайлы және ең тиімді транзиттік нысан.

Аталған бекет Ақтау қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл жер қоғамдық көпшілік орын болғаннан кейін мұндағы жасалатын қылмыстардың көпшілігі де ұрлық. Сол себепті жолаушылар жүктерінің, қол жүктерінің немесе жеке құжаттарының жоғалып кетпеуін қамтамасыз ету тікелей желілік ішкі істер қызметкерлерінің міндеті болып табылады.
Бұл орайда біздің міндет – мінсіз қызмет, – дейді бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Талғат Орпабайұлы. Бөлімдегі қызметкерлер өз істерін жетік біледі. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің білікті болуы ғана емес, білекті болуы да қажет. Біздің негізгі мақсатымыз станса аумағындағы қауіпсіздікті сақтау болғандықтан, бірінші кезекте, қылмыстың алдын алу шараларына жіті мән береміз. Бұл шаралар вокзал аумағы бойынша бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Әрине, барлық қылмыстың алдын алу мүмкін емес. Күш-қайраты осал соғатын адамға халықтың қауіпсіздігін сақтауды сеніп тапсыра алмайтынымыз айқын. Егер ол қазаны қайнаған, халқы сапырылысқан вокзал сияқты орын болса, әңгіме тіптен басқаша.
Сондықтан апта сайын жеке құраммен әскери қызметтік және дене тәрбиесі дайындық сабақтары өткізіледі. Ақтау қаласы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері спорттық шараларда да жеңіс тұғырынан көрінуде. Футбол, волейбол секілді спорт түрлерінен өтетін жарыстарда көбіне айымыз оңынан туады. Бір сөзбен айтқанда, біздің қызметкерлер намысты қолдан бермеуге бар күш-жігерін салады.
Бөлім қызметкерлерінің заман талабына сай мемлекеттік тілде еркін іс жүргізуіне жіті мән берілуде. Бұл бағытта да көптеген жұмыстар атқарылып отыр. Мәдени-спорттық шаралар ұйымдастыруда қызметкерлердің белсенділігі басым. Жасыратыны жоқ, темір жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары кезінде бөлім қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалып қалады. Баспана жағдайы да қызметкерлер үшін үлкен мәселе. Дегенмен, қандай қиындық кездессе де, Ақтау ІІЖб қызметкерлері еш мойымай өз қызметтерін қалтқысыз атқаруда.
Салтанат СМАИЛОВА,
Ақтау стансасындағы ІІЖб кадр жұмысы тобының инспекторы,
полиция лейтенанты.