Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Қызылордалық жастар Рүстем Әбдірашпен кездесті

837 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық жастар А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақ хандығы» фильмінің режиссері, суретші, сценарист - Рүстем Әбдірашпен кездесті. Жастармен емен-жарқын сырласып, сұрақтарына жауап берген белгілі режиссер кино туралы өз ойын айтты.

Қызылордалық жастар Рүстем Әбдірашпен кездесті

- Шынында, ауыз толтырып айтатын үлкен сапалы кино дүниеге келді. Тек қазақ халқы үшін ғана емес, басқа тілде сөйлейтін көрермендер үшін қызықты болатындай жасалды. Түпнұсқасы қазақ тілінде. Сонымен қатар, Санк-Петергбургке барып, орысша нұсқасын да жасап шықтық. Яғни, қазақ тілін білмейтін, бірақ Қазақстан тарихын білем деген көрерменге ыңғайлы. Ең бастысы, қазақ тілінде толық дубляж бірінші рет жасалып отыр, - деді ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдіраш.

Сондай-ақ, алдағы уақытта ағылшын тілінде де дубляж жасау жоспарлануда екен.

Жақсы сұхбат барысында жастар Рүстем Әбдіраштың режиссерлігімен түсірілген «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін тамашалады.


Қызылорда облысы