Кездесуге қатысушылар республикадағы барлық халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келетін әділ, ашық сайлау өткізуді қолдауға шақырған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын бірауыздан қолдады.
«Қаланың еңбек ұжымдарын, ғылыми қоғамдастықты және көптеген басқа ұйымдарды біріктіретін елорданың кәсіподақтары кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдайды. Бұл – Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктері шеңберіндегі қоғамның үміті жүзеге асырылатын логикалық қадам. Сайлау ішкі саяси тұрақтылықты нығайтады. Осының арқасында біз алдағы 5 жылда елдің дамуына нақты анықтама береміз », - деді «Нұр-Сұлтан» қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев.
Кездесуге қатысушылар қазақстандықтарды Елбасы идеясы аясында топтасуға
шақырып, таңдаған бағыттың сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдады.