Спорт • 12 Сәуір, 2019

Таеквондодан Қазақстан командасы Оңтүстік Кореямен бірлескен жаттығу жиынын өткізеді

943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы Манчестердегі әлем чемпионаты қарсаңында Оңтүстік Кореяда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына команданың аға бапкері Батырбек Есдәулет мәлімдеді.

Таеквондодан Қазақстан командасы Оңтүстік Кореямен бірлескен жаттығу жиынын өткізеді

«23 сәуір күні Оңтүстік Корея мемлекетіне жол тартамыз. Таеквондоның отаны саналатын аталған елде 10 мамырға дейін бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Корея ұлттық құрамасымен бірлесе жаттығу мәселесі әлі толығымен шешілген жоқ. Дегенмен, Корея университетінің командасы бізге спаррингтік қарсылас атанбақ. Мұның өзі үлкен жетістік. Өйткені, кореялық таеквондошылардың деңгейі өте жоғары. Ұлыбританияда өтетін әлем чемпионатының алдында біз мықтылармен бірге жаттығуымыз керек», - дейді аға бапкер.

Таеквондодан әлем чемпионаты 15-19 мамыр аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында өтеді. 

Әлемдік додаға қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі:

Ерлер: Самат Темірхан (54 келі), Елдос Ысқақ (58 келі), Эльдар Бірімбай (63 келі), Нұрсұлтан Мамаев (68 келі), Қайрат Сарымсақов (74 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі), Руслан Жапаров (+87 келі).

Қыздар: Айнұр Лашбай (46 келі), Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алдоңғарова (53 келі), Ботагөз Қопанова (57 келі), Фатима Жақсыбаева (62 келі), Ақсәуле Ерқасымова (67 келі), Жансель Дениз (73 келі), Мереке Жүнісова (+73 келі).