Руханият • 12 Сәуір, 2019

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздары марапатталды

1590 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясы мен «Әдебиет» порталы ұйымдастырған қаламгерлер арасындағы дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Қазақ Ұлттық Өнер университетінде өткен іс-шараға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, елімізге белгілі ақын-жазушылар, тілшілер қатысты.

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының жеңімпаздары марапатталды

2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан әдеби байқауға осы уақыт аралығында еліміздің жүздеген қаламгері қатысып, таңдаулы шығармалардың авторлары әр жанр бойынша түрлі жүлдеге ие болды.  

Танымал қаламгерлер мен әдебиеттанушы ғалымдар қазылық еткен әдеби конкурсқа биыл 288 қаламгер өтініш білдіріп, поэзия, проза, драматургия номинациялары бойынша шығармаларын ұсынған. Оның ішінде проза жанрында – 113, драматургия – 25, поэзия жанры бойынша –150 туынды келіп түскен. Ұйымдастырушылар алқасы атап өткендей, қазылар жыл бойы әдебиет порталында онлайн түрде жарияланған шығармалардың ішінен үздік туындыларды анықтаған. Қаламгерлер қауымы мен «Ауыл» партиясы аймақтық өкілдіктерінің өтініштері бойынша 2018 жылдан бастап әдеби конкурсқа орыс тілді қаламгерлер де қатысқанын айта кеткен жөн.  

«Ауылым-алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсында әр номинация бойынша  үздік шығармаларға жүлделі орындар тағайындалған. Сондай-ақ, биыл конкурста еліміздің белгілі қаламгерлері Бауыржан Үсенов, Мұқағали Мақатаев, Нұрлан Мәукенұлы, Төлеген Айбергенов, Ақселеу Сейдімбек, Шерхан Мұртаза, Иван Глухов, Шахмет Құсайынов, Сафуан Шаймерденов, Қалихан Ысқақ атындағы қосымша 10 арнайы жүлде берілді.

«Казконтент» АҚ атынан «Эссе жазып үйренейік» номинациясының жеңімпазына арнайы жүлде қарастырылған.

Конкурстың негізгі шарты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасынан ең үздік шығарма авторы «Алтын Тұғыр» сыйлығымен марапатталды. Аталмыш жүлдеге қарымды қаламгер  Ерболат Баятұлы лайық деп танылды.


ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ:

ПОЭЗИЯ

1.     Қуаныш Оспан

2.     Қызырбек Дүргінбайұлы

3.     Бағдат Мүбарак

Арнайы жүлде:

1.     Қалау Сәлеметбайұлы – Бауыржан Үсенов атындағы сыйлық –

2.     Ерназ Дутихан  – Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық

3.     Мұқият Қойшыбайұлы – Нұрлан Мәукенұлы атындағы сыйлық

4.     Аманжол Зағыпар – Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық


ПРОЗА

1.     Құрманжан Қасымжанұлы

2.     Гүлнұр Қасымзада

3.     Марғұлан Ақан

Арнайы жүлде

1.     Бақытбек Қадырұлы  – Ақселеу Сейдімбеков атындағы сыйлық

2.     Есболат Айдабосын – Шерхан Мұртаза атындағы сыйлық

3.     Айбол Арғынғазинов – Иван Глухов атындағы сыйлық


ДРАМАТУРГИЯ

1.     Ерболат Баятұлы

2.     Исрайыл Сапарбай

3.     Әлібек Байбол

Арнайы жүлде:

1.     Айгөлек Өмірбек – Шахмет Құсайынов атындағы сыйлық

2.     Әскерхан Ақтай – Сафуан Шаймерденов атындағы сыйлық 

3.     Томирис Баймұратова – Қалихан Ысқақ атындағы сыйлық


«Казконтент» АҚ тағайындаған «Эссе жазып үйренейік» жүлдесі Ақбота Керімбекке берілді.