Қазақстан • 12 Сәуір, 2019

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,6% артты

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,6% артты (2018 жылғы қаңтарда-ақпанда – 3,7%). Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,6% артты

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  1,6% артты (2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1,3%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 1% төмендеді (2018 жылғы ақпанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 1,8% артты).