2019 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2126,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 7% артық.
2019 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6845 млрд. теңгені құрды, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3,2% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі – 4,8%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 1,6%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 14,9% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1% төмендеді.
2019 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 439,7 млрд. теңгені құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 3,6% артық.
2019 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 403,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 8,9% артық.
2019 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,4%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 139,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 68,2 млрд. жкм құрап, 4% артты.
2019 жылғы қаңтар-наурызда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,2% құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,2%-ды құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 2216,6 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 4719,4 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2019 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 14340,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,5% артты, соның ішінде экспорт – 9885,1 млн. АҚШ долларын (11,1% көп), импорт – 4455,1 млн. АҚШ долларын құрады (0,3% көп).
2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 436328 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,8% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 427399 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 288349 құрады, оның ішінде 279863 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
Тұтыну бағасының индексі 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3,8%, азық-түлік емес тауарларға - 0,9%-ға өсті, ал халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,4%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2019 жылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2019 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 97584 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы ақпанға қарағанда 13,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 8,5%-ке (алдын ала деректер) артты.
2019 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 172066 теңгені құрады.
2019 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 441,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы наурыздың соңына 143,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,6%.