Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Қарағанды облысында күн электр стансасы салынып жатыр

858 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Шет ауданында күн электр стансасының қабырғасы қалана бастады. Ақадыр елді мекенінің маңында бой көтеретін бұл нысанның құрылысы биылғы жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған.

Қарағанды облысында күн электр стансасы салынып жатыр

Жобалық құны 55 миллион еуро болатын болашақ күн электр стансасының аумағы 120 гектар жерді алып жатыр. Оның қуаттылығы 50 МВт құрайды. Келісімшартқа сай, алғашқы электр энергиясы 30 маусымда өндіріле бастайды. Қазіргі таңда электр қуатына қосылу жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада мұнда 150 мың панель мен қуатты қосалқы стансалар жеткізілуі тиіс. 

– Жұмыс кесте бойынша жүргізілуде. «KEGOC» қосалқы стансаларынан біздің қосалқы стансаларға дейінгі бұл желі бірнеше күннен кейін дайын болады. Біз үшін бұл жобаны осы жылдың 30 маусымында аяқтау өте маңызды, – дейді инвестор компания – «SES Saran» ЖШС-нің бас директоры Евгений Гребенников.