Аймақтар • 12 Сәуір, 2019

Әскери полицейлер «Айыппұлсыз жыл» акциясын жариялады

1263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарулы Күштердің Бас Әскери полициясының игі бастамасын Атыраудың әскерилері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқықбұзушылық деңгейін төмендетті. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен капитан Рүстем Игисинов хабарлады.

Әскери полицейлер «Айыппұлсыз жыл» акциясын жариялады
«Айыппұлсыз жыл» акциясы бойынша Атырау гарнизоны әскери полициясы бөлімшесінің жеке құрамының жұмылдыруымен профилактикалық іс-шаралар атқарылып, әскерилердің құқықбұзушылықтары туындаған жағдайда – олардың жанұяларына тікелей әсерін тигізетіні түсіндірілуде.

Ал жеке көлігі бар әскери қызметшілер арасында жол көлік тәртібін бұзу және жолда басқа көліктермен соқтығысып қалу сияқты да жағдайлар кездесуде. Айыппұл төлеу, біреудің көлігін жасау және өз көлігін жасау, ол айналып келгенде отбасылық бюджетке тіреледі. Одан басқа жол көлік оқиғалары кезінде жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқан жағдайлар да жеткілікті.

Осы бағыттар бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция өкілі подполковнигі Мейрамбек Нұрышевтың қатысуымен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 51051, Атырау облыстық КІЖД, 51809Е, 41433, және 41321 әскери бөлімдерінің қызметкерлеріне ҚР ӘҚбТК және ҚР жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын жеткізу бойынша кездесулер өткізілуде.

Атырауда өткен конференцияда әскери полиция бөлімшесінің офицері әділет капитаны Бақтияр Дәуренқұлов ашып сөз сөйлеп «Айыппұлсыз жыл» акциясы әскерилердің отбасынан артық қаражаттың қажеті жоқ айыппұлды төлеуге жұмсалмауы тиіс деп хабарлады. Ол үшін әскери қызметшілер өздерінің құқықтық тәрбиесі мен тәртібін түзеп, құқықбұзушылықтың кез-келген деңгейіне жол бермеуі тиісті. 

Акция барысында  дөңгелек үстелдер, түсіндіру  жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу қажеттілігі, құқықбұзушылық орын алған жағдайда қызметкердің жеке басы мен, отбасылық қаржылық жағдайына едәуір әсер ететіндігі түсіндірілуде. Одан басқа жол көлік оқиғалары кезінде жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқан жағдайлар да жеткілікті. Осындай түрлі жағдайларды болдырмаудың амалы ол тәртіп бұзбау. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды!» деген сөзін ұран етін ұстанған әскери полиция өкілдері өз жұмыстарын сәтті атқаруда, дейді капитан Р.Игисинов.