Конференцияға жас магистранттар, студенттер мен оқушылар қатысты. Ғылыми шараға облыс әкімі Болат Бақауов қатысты, университет ректоры, Гаухар Ахметова жиынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Университет ғылыми орталығының хабарынша, конференцияға Ақтөбе, Алматы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Орал, Тараз және Ресейдің қалаларынан 1500-ден астам мақала келіп түскен.
Ғылыми материалдар бойынша жинақтың 22 томы басып шығарылды.
Университет өткізіп келе жатқан «Сәтбаев оқуларында» 20 жылдың аралығында 35 мыңға жуық жас ғалым мен дарынды оқушылар қатысты.
2001 жылдан бері 222 томға жинақталған 19 мыңнан астам мақала жарық көрді. Әр конференцияның күн тәртібінде кәсіби негізделген жауаптарды талап ететін жаңа мәселелер қарастырылды.
Шара барысында Академия президенті, техника ғылымдарының докторы Нұрлан Рыспановтың қатысуымен оқу орында «Тау-кен ғылымдары Ұлттық Академиясының» филиалы салтанатты түрде ашылды.
Нұрлан Рыспановтың айтуынша, ғалымдардың мақсаты - металлургиялық кәсіпорындарға зауыттарды бәсекеге қабілетті болуға және өнімнің өзіндік құнын азайтуға көмктесетін инновациялық тапсырмаларды әзірлеу.
Сондықтан, жергілікті ғалымдар енді осы бөлімше арқылы жұмыс жасай алады. Отандық инновацияларды құруға тек ғылым көмектеседі.
Ал ортақ мақсат - ұлттық инновациялық жобаларды жасау.
ПАВЛОДАР