Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлері үздік «Мерген батальон» жарысында топ жарды

1457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мергендер батальоны» жалпы әскери құрылымдар жарысының қорытындысы бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскері батальоны Құрлық әскерлерінің үздігі атанды.

Теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлері үздік «Мерген батальон» жарысында топ жарды

Аталмыш жарыс Қарулы Күштердің Бас штаб бастығының бастамасымен ұйымдастырылып, әскерлердің жауынгерлік даярлық деңгейін анықтауға бағытталды. Жарыста 25744 әскери бөлімінің теңіз жаяу әскері батальонының басқа, мотоатқыш, десанттық-шабуылдау, шабуылдау батальондары бақ сынады.

Әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Тимур Сулаймановтың айтуы бойынша, бұл нәтиже кешендік даярлықтың арқасында, оның ішінде - жеке құрамның сапалы үйлестірілуінде, командирлердің сапалы жұмыс жасауында және жеке құрамның жоғары жауапкершілігі арқасында қол жеткізілді. Батальон құрамының басым бөлігін мерзімді қызметтегі сарбаздар құрады.

Жарыстың басты мақсаты Құрлық әскерлерінде жалпыәскери және десанттық бөлімшелер арасында оқ ату машықтығын арттыру, штаттық қару мен қару-жарақтан оқ атулардың жаттығуларын (тапсырмаларын) орындау бойынша үздіктерді анықтау, тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеруге жауапкершілік сезімдерін ояту болды.

Биылғы көрсеткіштер өткен жылдың сайыс нәтижелері Құрлық әскерлері бөлімшелерінің атыс машығының, дәл көздеу мен дәл оқ атуда әскери қызметшілердің дағдыларының деңгейі анағұрлым жоғарлағанын растайтынын айта кету қажет.