Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Маңғыстауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтті

1099 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филормонияда Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Қыз-ғұмыр» концерті өтті.

Маңғыстауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған кеш өтті

Шараның негізгі мақсаты - поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырып, қазақтың сөз өнерін биік белеске шығарған, қиялға қанат сермеп, әйел тақырыбын шығармаларына негіз етіп поэзияға жаңа леп әкелген ақын шығармашылығын насихаттау. Концертте жастар, ақынның «Қыз махаббаты», «Қыз сөзі», «Шығыстағы ару қыз», «Парсының сұлулары», «Әйел тілегі», «Әйелдің монологы», «Қызыл тымақты қыз» және де «Қыз-ғұмыр» жырларын нақышына келтіре оқыды. Оның бұл өлеңдері қазақ сазгерлерінің назарынан тыс қалмай, әнге айналды. Жас өнерпаздардың шырқаған әндерінен қаламгерге деген ерекше сый-құрметтің лебі сезіліп тұрғандай. Ақын кешіне жиналған көрермен ерекше көңіл-күйде тарқасты.

Маңғыстау облысы