Сот үкімі шықты
Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:56
Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлеріне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оларға қатысты деп айыпталған 37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Сейсенбі, 5 маусым 2012 6:56
Кеше Ақтау қалалық сотында 2011 жылдың 16-17 желтоқсанында Жаңаөзен қаласында қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлеріне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оларға қатысты деп айыпталған 37 тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Аталмыш қылмыстық іс бойынша сот отырыстары ашық тәртіпте барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өтті. Процесті бұқаралық ақпарат құралдары, халықаралық және республикалық бақылаушылар, қоғам өкілдері бақылады.
Сот отырысына 6 мемлекеттік айыптаушы, 12 қорғаушы қатысып, 170 жәбірленуші мен 92 куәгер тыңдалып, іс бойынша айғақ заттар зерттелді.
Сот үкімімен:
1. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған Е.Ирмұқанов кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақталды. Қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
2. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталған Ж.Бопилов кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақталды. Ж.Бопиловқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
3. ҚР ҚК-нің 241-бабының 2,3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасау бойынша айыпталған М.Сарыбаев кінәсіз деп танылып, оның қылмыстарға қатыстылығы дәлелденбегендіктен ақталды. М.Сарыбаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
4. М.Жұмағалиев ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. М. Жұмағалиевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
5. П.Дүйсембаев ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. П.Дүйсембаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
6. С.Ақжігітов ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С.Ақжігітовке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
7. Ж.Ерғазев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Ж.Ерғазевке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
8. С.Ысқақов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С. Ысқақовқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
9. С.Аспентаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С.Аспентаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
10. С. Қойшыбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. С.Қойшыбаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
11. Р.Мұхамедов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Р.Мұхамедовке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
12. И.Шәмілов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. И.Шәміловке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
13. Б.Телегенов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Б.Телегеновке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
14. А.Тәдженов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. А.Тәдженовке қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
15. Ж.Өтебеков ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Ж.Өтебековке қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
16. Қ.Қойшыбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Қ.Қойшыбаевқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
17. Ж.Аманжолов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. Ж.Аманжоловқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
18. Н.Мұқашев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 1 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Н.Мұқашевқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
19. А.Дүйсенбаева ҚР ҚК-нің 241-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп 2 (екі) жыл сынақ мерзімі белгіленді. А.Дүйсенбаеваға қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
20. Ж.Мұрынбаев ҚР ҚК-нің 241-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының негізінде Ж.Мұрынбаев жаза өтеуден босатылды. Ж.Мұрынбаевқа қолданылған «қамауға алу» бұлтартпау шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
21. А.Шамов ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақтарында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының негізінде А.Шамов жаза өтеуден босатылды. А.Шамовқа қолданылған бұлтартпау «қамауға алу» шарасы бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
22. К.Бекжанов ҚР ҚК-нің 175-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының негізінде К.Бекжанов жаза өтеуден босатылды. К.Бекжановқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
23. А.Мұнайтпашев ҚР ҚК-нің 241-бабы 3-бөлігі, 175-бабы 2-бөлігінің «в» тармақтарында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының негізінде А.Мұнайтпашев жаза өтеуден босатылды. А.Мұнайтпашевқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру» өзгеріссіз қалдырылып, үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұзылады.
24. Е.Әбдірахманов ҚР ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «а,в» тармақтарында көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 3 (үш) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 4-бабының негізінде Е.Әбдірахманов жаза өтеуден босатылды. Е.Әбдірахмановқа қолданылған бұлтартпау шарасы «қамауға алу» бұзылып, ол дереу сот залынан босатылды.
25. Н.Асқарұлы ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде, 175-бабы 2-бөлігі «в» тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
26. М.Қосбармақов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
27. Б.Непесов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
28. Ж.Бесмағамбетов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
29. Қ.Еділов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
30. М.Аминов ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде, 175-ба- бының 2-бөлігі «в» тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
31. Т.Сақтағанов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
32. Т.Қалиев ҚР ҚК-нің 241-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
33. Ш.Өткелов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
34. М.Досмағамбетов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
35. Н.Жарылғасынов ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
36. Қ.Жүсіпбаев ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
37. Р.Түлетаева ҚР ҚК-нің 241-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді.
Сот талапкерлердің азаматтық талаптарын қанағаттандыру құқығын танып, залалды өндіру мәселесі азаматтық соттың қарауына берілді.
Сот үкімімен келіспеген тараптар 15 күн ішінде Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасына шағым немесе наразылық келтіруге құқылы.
____________________________________
Сарапшылар сөзі
Жаңаөзен оқиғасына байланысты Ақтаудағы сот отырысының жұмысына қатысты өз ойын Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов былай деп білдірді:
Жаңаөзен қаласындағы оқиға салдары қайғылы жағдайға соқтырды. Ғимараттар өртеніп, кәсіпкерлердің дүние-мүліктері талан-таражға түсті. Сондықтан мұның бәрін қасірет деп өкініш білдіреміз. Енді осы оқиғаға байланысты сот үкімі де шықты. Сотталып жатқан адамдар сырттан келген жаудың балалары емес. Олар да еліміздің азаматтары. Мұнайшылар, яки полиция қызметкерлері болсын, кәсіпкерлер, әкімдіктегі азаматтар болсын, олардың барлығы да өзіміздің бауырларымыз екендігі сөзсіз. Олардың әрқайсысының отбасы, бала-шағалары бар. Міне, бұлардың да бірқатарына заңға сай тиісті сот шешімдері шықты.
Заң жүзінде осы шешімдердің бәрі де қажет. Өйткені, біз еліміздің, мемлекетіміздің, балаларымыздың болашағын ойлайтын болсақ, соттың шығарғандай шешімдеріне баруымыз дұрыс. Ол келешек үшін қажет. Бұл оқиғаны кім ұйымдастырды, бұзақылыққа кім шақырды, солардан бастап кінәлілер түгел сотталуы тиіс. Себебі, елдің заңын ешкімге де бұзуға болмайтындығына бәрінің көзі жетуі керек. Біреуді біреу өлтіруге, тонауға, ұрып-соғуға, дүние-мүліктерін тартып алуға, бүлдіріп, қиратуға, өртеуге еш қақысы жоқ. Егер мұндай жағдай орын алса кім кімде жауап беруге тиіс. Сондықтан мұндай жағдайларда соттың дұрыс шешімдері өте қажет.
Ал сот отырыстарының қалай өтіп жатқандығын бұқара халық көріп, біліп отыр. Оны бастан-аяқ шетелдік сарапшылар, халықаралық бақылаушылар, бұқаралық ақпарат өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері бақылады. Екі тараптың да тума-туысқандары, қорғаушылар қатысты. Сондықтан өткен сот процестерінің жариялы, ашық жүргізілгеніне жұрттың бәрі куә деп есептеймін.
Ақпарат және талдау орталығының директоры Толқын Сәметова:
Жаңаөзен оқиғасы, сарапшылардың басым бөлігінің мәлімдеуінше, еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайға айтарлықтай әсер етуге тиіс болатын. Уақыт және қоғамдық-саяси жағдайды өлшеу өз нәтижелерін көрсетті. Жалпы, тұрғындардың 85 пайыздан астамы аталған оқиға жөнінде хабардар болған екен, ал негізгі ақпарат көздері ретінде, әрине, БАҚ болды. Енді сот шешімдеріне негізделе отырып саяси сана деңгейінен орын алған оқиғаға баға беру деңгейі байланысты болмақ. Әрине, жеткіліксіз ақпарат алғандықтан күмәнданушылар мен жалпы билікті сынаушылар және мұнайшыларды жақтаушылар сотқа дейін жеткілікті болған еді. Бірақ біз, ашық сот отырысының куәгерлері болдық, оған халықаралық бақылаушылардың қатысуларымен қатар, қоғамдық бақылау мен қоғамдық сараптау тетіктері қолданылды. Қоғамның, билік тармақтары қызметтерінің нақты бөлінуі арқылы қалыптасу процесі, Жаңаөзен негізінде, халықтың билікке деген сенімін арттыра түсті және жағымды өзгерістер орын алуда деп білемін.
Мемлекеттік тілді Президенттік дамыту қорының директоры Азат Шауеев:
Ақтаудағы сот процесі басынан бастап ашық режімде жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін арнайы зал жабдықталды, мүдделі тараптар үшін бейне монитор орнатылды. Ал сотталушылардың тума-туысқандары сот процесіне тікелей қатысты. Міне, осылайша сот талқылау барысын бұқаралық ақпарат құралдары мен халықаралық және қазақстандық қауымдастықтың өкілдері толықтай бақылай алды. Демек, менің ойымша, процесс барысы шынайы жарияланып, сот талқылауына мүдделі жандардың бәрі қатысты. Осылайша ең басты қағида – транспаренттілік сақталды.
«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мұханбет Жүнбасов:
Сот процесі күрделігіне орай ұзақ уақытқа созылды. Енді соттың бұл оқиғаны қарау бойынша талқылау барысына төменгі инстанция нүкте қойды. 37 адамға сот үкімі шықты. Оның ішінде 24 адам қамаудан босатылды. Олардың бірқатары кінәсіз деп табылып, бірқатарына рақымшылық жасалса, енді біреулеріне шартты сынақ мерзімдері тағайындалды. Ал қалған 13 адам түрлі дәрежедегі жазаларға кесіліп, 4,5,6 жыл мерзімдерге сотталды. Бұлардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандар болып табылады.
Мен бұл соттың шешіміне, елдің азаматы ретінде де, Елбасы құрған тәуелсіз республикалық комиссия төрағасының орынбасары ретінде де біржақты пікір айта алмаймын. Бұл мемлекет атынан шығарылған соттың өз шешімі. Сот біздің елімізде тәуелсіз. Сондықтан ол тек еліміздің Конституциясының талаптары мен заңдарын арқау ету арқылы ғана өз пайымдарына сүйенеді. Осылайша жоғарыдағы сот шешімі шықты, ол шешімді біз қабылдауымыз қажет.
Бірақ біз алдан әлі үмітімізді үзбеуіміз керек. Алда әлі апелляциялық, кассациялық және Жоғарғы Сот сатылары бар. Міне, осы сатыларда мына сотталған адамдардың қорғаушылары олардың жазасын әлі де жеңілдетуге тырысулары керек деген қорытындыға келдім. Сонымен қатар, өзімізді құқықтық мемлекет деп әлемге жариялаған екенбіз, ендеше, бәріміз де ортақ тәртіпке бағынуымыз керек.