«Біз өзіміз білім алған мектебімізге интерактивті тақта мен проектор, компьютер сыйға тарттық. Ауыл әкімдігімен, мектеп басшылығымен, сыныптастармен ақылдаса келе өзімізбен бірге оқыған, бүгінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін Анастасияға көмек беруді ұйғардық. Түрлі салаларда еңбек етіп жүрген сыныптас достарымызбен осы істі жасап, 9 баласы бар сыныптасымызды қуантқымыз келді», - дейді бізге сыныптастары атынан хабарласқан азамат.
Көпбалалы отбасының отағасы Андрей ауыл тұрғындарының тұрмыстық техникаларын жөндеумен айналысады екен. Ал көпбалалы ана Анастасия мен ересек перзенттері шаруа қожалықтарында жалдамалы жұмыс істейді. Яғни тұрақты жұмыс болмаған соң баспана алуға да шамалары келмей, пәтер жалдап тұрған. Мектеп түлектері ауыл шетінен жер алып үй құрылысын өздері жүргізген, ауыл әкімдігімен бірлесе электр жарығы мен ауыз суды қосып берген.
Айта кетелік, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қайырымды іс жасаған мектеп түлектерін аудан әкімінің атынан алғыс хатпен марапаттап, батыр ана шаңырағына көрімдік ретінде кілем сыйлапты.