Руханият • 15 Сәуір, 2019

«Бала дауысы» байқауының ақтық кезеңінде Ақтөбе облысының атынан өнер көрсететін өнерпаз анықталды

1064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында «Бала дауысы-2019» жобасының шығармашылық тобы Ұлттық балалар ән байқауының іріктеу кезеңін өткізді.

«Бала дауысы» байқауының ақтық кезеңінде Ақтөбе облысының атынан өнер көрсететін өнерпаз анықталды

Іріктеу кезеңі Шығармашылық Академиясына келген қатысушыларды тіркеуден басталды. Ата-аналары, музыкалық тәлімгерлері мен достарының қолдауымен асыға келген балаларға кастингтің ережелері мен форматы түсіндірілді. Музыкалық продюсер Фарида Ниязова балалардың дауыстарын жаттықтырғаннан кейін әділ қазылар алқасы мен оның құрамындағы танымал қазақстандық орындаушы Дастан Оразбеков жас өреңдердің өнерлерін тамашалады. Балалар дайындаған үш әндерін айтып, өз вокалды қабілеттері мен әртістік шеберліктерімен таңғалдырды. Іріктеу кезеңінде қазақ, орыс, ағылшын, және басқа да тілдердегі әндер орындалды.

Жан тебірентетін дауысы мен жарқын жүзімен сүйсіндіре алған 10 жасар Сүлейменова қазылар алқасының шешімімен ақтық кезеңге жолдама алды. Анель 25 мен 27 қазан аралығында Республика сарайының сахнасында өтетін ақтық кезеңінде Ақтөбе облысының атынан өнер көрсетпек.

Айта кетсек, бірегей жобада 8 бен 12 жас аралығында 17 бала қатысады.

Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті-Елбасы қорының қолдауымен Әлия Назарбаеваның қоғамдық қоры ұйымдастыратын Байқаудың іріктеу кезеңі 29 наурыздан 22 мамырға дейін өтеді.