Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Қарағандыда балғын арулар байқауы өтті

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда 5 жастан 12 жасқа дейінгі қыз балалар арасында Mini Miss Karaganda 2019 байқауы өтті.

Қарағандыда балғын арулар байқауы өтті

27 үміткер бақ сынаған сұлулық сайысында 6 жастағы Дарина Менисова мен 11 жасар Кира Билак өз құрбы-құрдастарының арасында үздік деп танылды.

Жастығына қарамастан, Дарина Менисова модель әлемімен жақсы таныс. Көркем гинастикамен, акробатикамен және хореографиямен айналысатын ол бұдан бұрын да балғын арулар байқауына қатысып, тіпті оның суреттері сән журналдарының мұқабасында жария болған.

Ал Кира Билак сән әлеміндегі алғашқы қадамын жасады. Ол бимен кәсіби тұрғыда айналысады. Бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы болған.

Дарина мен Кира маусым айында өтетін республикалық конкурста Қарағанды қаласының намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, жаздың аяғына таман Түркияның Бодрум қаласында ұйымдастырылатын халықаралық біріншілікте бақ сынайды.