12 Маусым, 2012

Қадағалау қарымы арта түсті

300 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қадағалау қарымы арта түсті

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:27

Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосыновпен әңгіме

– Сабыржан Мәдиұлы, прокуратура органдарының пәрменділігін арттыру – бүгінгі күннің талабы. Азаматтардың құқықтарын қорғау, ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кү­шей­ту, сонымен бірге, қоғамдағы заңды­лық­ты сақтау сияқты өзекті мәселелер прокуратура органдарының пәрменділігіне байланысты екені рас. Олай болса, әңгі­мемізді облыстағы прокуратура жұмы­сынан бастасақ…

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:27

Маңғыстау облысының прокуроры Сабыржан Бекбосыновпен әңгіме

– Сабыржан Мәдиұлы, прокуратура органдарының пәрменділігін арттыру – бүгінгі күннің талабы. Азаматтардың құқықтарын қорғау, ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кү­шей­ту, сонымен бірге, қоғамдағы заңды­лық­ты сақтау сияқты өзекті мәселелер прокуратура органдарының пәрменділігіне байланысты екені рас. Олай болса, әңгі­мемізді облыстағы прокуратура жұмы­сынан бастасақ…

– Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқса­нында Маңғыстау облыстық прокуратурасы тарапынан 156 тексеру жүргізіліп, 263 ұсыныс қаралды, 17 ұйғарым орындалып, 113 наразылық қанағаттандырылды. Атал­­ған мерзім ішінде 377 лауазымды тұлға тәр­тіптік жауапкершілікке, 471 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бас­тығы А.Бұхарбаев мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адам бола тұра, қызметтік жалғандық жасау, яғни ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізу жолымен мемлекетке ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. Атап айтқанда, А.Бұхар­баев мердігермен №106 келісім-шарт бойынша жұмыстардың орындалмағанын біле тұра, қызметтік жалғандық жасау мақса­тында орындалмаған жұмыстар үшін актіге қол қойып, 2010 жылдың қорытындысымен мердігерге 372 млн. 411 мың теңге мемлекет қаражатын соңғының есеп-шотына толық аударып жіберген. Сондай-ақ, №1348 санды қосымша сот-құрылыс сараптамасына сай Жаңаөзен қаласындағы «Шұғыла» шағын ауданынан 280 орындық тубвиражды балаларға арналған балабақшаның құрылы­сы­­ның орындалмаған құрылыс жұмыстары әшкере болды және осы балабақшаға 6 млн. 935 мың 311 теңгенің жиһаздары мен ке­ректі жабдықтардың жеткізілмегені анық­тал­­ды. Осы дерек бойынша А.Бұхарбаевқа қарсы Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-бөлігінің «б», «г» тармақтарымен және 314-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес депар­таментіне жолданды.

– Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қам­тамасыз ету саласында қандай жұ­мыстар атқарылуда?

– Үстіміздегі жылдың ақпан айында облыстық үйлестіру кеңесінің мәжілісі болып өтті. Онда Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікті реттеу жөнін­дегі арнайы, өкілетті, құқық қорғау және жергілікті атқару органдарының қылмыспен күрес бойынша атқарған жұмыс нәтижелері және алдағы уақытта мұндай жағдайды болдырмау жөніндегі қабылданған шаралар қаралды. Бұдан басқа, облыстық прокуратура 2011 жылы орын алған ұжымдық нара­­зылық білдіруге және жаппай наразылық акциясына негіз болған себептер мен жағ­дайларға тұрақты түрде талдау жасалып келеді.

– Азаматтардың конституциялық құ­қықтарының сақталуын қадағалау мәсе­лесі туралы да айтып өтсеңіз…

– Прокуратураның араласуымен 16 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Бұл жағдайда басты назар азаматтардың еңбек құқықтары мен кәмелетке толмағандар мүдделеріне аударылды. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқса­­­­нында прокурорлардың актілері бойынша 328 млн. теңгеден астам еңбекақы төлемі өндірілді. Осы орайда 3,5 мың азаматтың құқықтары қорғалды. Мәселен, Жаңаөзен қаласының прокуратурасы «Самұрық ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қыз­­мет­­­­керлерінен келіп түскен ұжымдық арыз негізінде тексеру жүргізіп, осы мекеменің 50 жұмысшысына 2011 жылдың желтоқсан айы мен 2012 жылдың қаңтар айында бе­рілуге тиісті 5 млн. 500 мың теңге көле­міндегі жалақы төленбегендігі анықталды. Жаңаөзен қаласының прокуратурасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр­лігінің Маңғыстау облысы бойынша де­партаменті бастығының атына ұсыныс және «Самұрық ЛТД» серіктестігі бастығы­ның атына ұйғарым енгізіп, нәтижесінде жұмыс­шыларға тиісті еңбекақы төленді.

Сондай-ақ «ТехноСеверНефть» серіктес­тігінің директоры Г.Хасановқа қарсы Қыл­мыстық кодекстің 148-бабының 3-тарма­ғымен қылмыстық іс қозғалды. Ол 68 жұмыскердің 17 521 592 теңге жалақысын мүмкіндігі бола тұра қасақана төлемеген. Бұдан бұрын да Г.Хасанов жалақыны уақытында төлемегені үшін екі рет әкім­шілік жауапкершілікке тартылған болатын. Бүгінгі күні сол 68 жұмысшының жалақысы толықтай өндіріледі.

– Прокуратураның тергеу және анық­­тау заңдылығын қадағалаудағы атқарған жұмыстары туралы не айтар едіңіз?

– Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанын­да тіркелген қылмыс санының 39,1 пайызға өсуі байқалса, қылмыстардың ашылуы 36,3 пайызды құрайды. Оған қоса, тіркелген ауыр қылмыстардың саны 16,1 пайызды құраса, аса ауыр қылмыстардың саны 38,1 пайызға дейін өскені байқалады.

Жекелеген қылмыстардың өсуінің бір себебі, жылдың басынан бастап өтініштер мен ақпараттарды есепке алу кітабының қолданылуынан болып отыр. Аталған мерзім ішінде облыс бойынша өтініштер мен арыздарды есепке алу кітабына 11,361 қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар тіркелген. Оның ішінде 5940 арызда қыл­мыс белгілері бар болып есептелінеді, ал 580 арыз бойынша әкімшілік іс қозғалды. Осы жылдың 31 наурызына дейін 237 арыздар мен хабарламалар бойынша шешімдер қабылданбаған. Тергеу мерзімі бұзылып, 74 қылмыстық іс өндірістен аяқталды. Есептен жасырылған 17 қылмыс анықталып, қайта есепке қойылды. Есепке алу-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық ізге түсу ор­гандарының 14 лауазымды тұлғасы тәртіп­тік жауапкершілікке тартылды. Аталған мерзім ішінде прокуратура тарапынан 33 қылмыстық іс қозғалып, оның 8 ісі сотқа жолданды. Ықпал ету актісімен заңсыз­дық­тарға жол берген құқық қорғау органдары­ның 85 қызметкері тәртіптік жауапкерші­лікке тартылды.

Қылмыстық ізге түсу органдарының қыз­метінде заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың бостандығы мен консти­ту­ция­лық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында қылмыстық іс қозғау туралы 23 заңсыз қаулы бұзылды. Қасақана кісі өлтіруге қатысты тіркелген 9 қыл­мыс­тық іс ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа байла­ныс­ты қылмыстарға ерекше назар аударылып, облыс бойынша бұл санаттағы 24 қылмыстық іс тіркеліп, оның ішінде 6 іс прокурорлар тарапынан ашылған.

– Сабыржан Мәдиұлы, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетінің сапасын жақсартуға, сонымен бірге қоғам алдында олардың қызметінің ашықтығына тұрақты түрде назар аударып келеді. Осы орайда Ел­ба­сының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығы шықты. Осыған байланысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Кезектен тыс өткізілетін аттестаттау барысында қызметкерлердің өздеріне жүк­телген міндеттерді орындау қабілеті және олардың жұмыстарының нәтижелері, тео­рия­лық білімдері мен практикалық дағды­ларының деңгейі бағаланбақ. Сонымен қа­тар, аттестаттау – аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуді, қызмет­кер мен ел Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы, не тиісті аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді және тиісті комиссияның шешім шығаруын қамтиды.

Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген немесе құқық қорғау органдарында өзге, оның ішінде, төмен тұрған лауазымдарды қызме­тін жалғастырудан бас тартқан қызмет­керлер «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен босатылады. Яғни, мемлекеттік қызметке тек кәсіби деңгейі жоғары қызметкерлер қа­былданатын болады.

Бүгінгі күні Маңғыстау облыстық прокуратурасы органдарында аттестаттаудан өткі­зілуге жататын 132 жедел қызметкер бар. Аталған шаралар аясында осы қызмет­керлердің барлығы белгіленген мерзімде аттестаттаудан өтеді. Осыған орай, кезектен тыс аттестаттаудан өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысы прокуратурасының www.mng.prokuror.kz ресми сайтында арнайы айдар ашылды. Бұл айдар кезектен тыс аттестаттауды өткізу тәртібінің бұзылу фактілері туралы, прокуратура органдарының аттестаттауға жататын лауазымды тұлғаларының сыбайлас жем­қорлық және басқа да құқық бұзу­шы­лықтар жасауы, қызметтік әдеп нормаларын сақтамауы туралы Қазақстан Респуб­ли­касының Бас прокурорына тікелей өтініш беруіне арналған.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Шарафаддин ӘМІРОВ,

«Егемен Қазақстан».