Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу рәсіміне қатысты. Жылдың ашылу рәсімі басталар алдында мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнын ашуға арналған «Ұлы дала мұрасы» атты көрмені аралады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына жылы қарсы алып, қонақжайлылық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
– Бізді тіліміздің бірлігі, дініміз, ортақ тарихымыз бен біртұтас тағдырымыз біріктіреді. Халықтарымыз – Орталық Азиядағы ежелгі әрі ұлы өркениеттің мұрагері. Біз дәстүрімізді, бабаларымыздың құндылықтары мен мәдени-тарихи мұраларын сақтап қалдық. Сонымен қатар көптеген қиын сынақтарды бастан өткердік, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен жемісті ынтымақтастықтың қазіргі кезеңдегі жоғары деңгейге көтерілген тарихи достықтың қисынды жалғасы екенін айтты.
– Шекара маңындағы ынтымақтастық нығайып, тауар айналымы өсіп келеді. Бүгінде Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарында шешілмеген ешқандай мәселе жоқ екенін нақты айта аламын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен құрметті Президент Шавкат Мирзиёевтің арқасында қазақ-өзбек қатынастары жоғары деңгейге көтерілді, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ұлы Абайдың қазақтарға бауырлас өзбек халқының еңбекқорлығын, қайырымды істері мен қарапайымдылығын үлгі етіп, үйренуге шақырғанын айтып, Өзбекстан басшылығына қазақ мәдениетін қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.
– Президент Шавкат Мирзиёевтің «Қазақтың ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен оқу мен насихаттау туралы» қаулысы аясында атқарылған ауқымды шаралар үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы өзбек диаспорасын қолдау шараларына жеке тоқталды.
– Біз өз елімізде өмір сүріп жатқан өзбек халқының рухани, әлеуметтік қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін жан-жақты шаралар жасап жатырмыз. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде өзбек этномәдени бірлестіктері ашылған. Өзбек тілі Қазақстанның медиа саласында, білім жүйесінде және мәдени өмірінде орнын алған. Екі өзбек театры табысты жұмыс істеуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен 200-ден астам шараны қамтыған Өзбекстанның Қазақстандағы жылы екіжақты байланыстың нығаюына ықпал еткенін атап өтіп, Шымкентте өткен алғашқы Өңіраралық форумға ерекше тоқталды.
– Екіжақты тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу туралы мақсатымызға біртіндеп жақындап келеміз. Көлік қатынастарының қарқынын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің елдеріміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымдарының дамуы Еуропа мен Азия нарықтарына шығуға мүмкіндіктер ашады, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Өзбекстандағы жылы екі ел қарым-қатынасы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияда өзара түсіністік және сенім ауанының қалыптасуы үшін маңызы бар айтулы оқиға екенін атап өтті.
– Орталық Азияның табысты экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, негізінен, Қазақстан мен Өзбекстанның тығыз ықпалдастығы мен келісілген іс-әрекеттеріне байланысты. Шұғыл түрде түркі дүниесінің ғана емес, әлемдік мәдениеттің мақтанышына айналған біздің елдеріміздің басты рухани және тарихи орталықтарын бір-бірімен байланыстыратын Түркістан, Самарқанд, Бұхараны бір бағытқа қосатын туристік кластер ашуды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті сөзінің соңында ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған қазақ-өзбек халықтарының достығы мен бірлігін сақтау қазіргі ұрпақтың ортақ парызы екенін атап өтіп, Қазақстанның Өзбекстандағы жылын ашық деп жариялады.
Салтанатты рәсім Әлібек Дінішев, Айман Мұсақожаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Димаш Құдайберген, Мария Мудряк сынды Қазақстан өнерінің қайраткерлері мен сахна шеберлері, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды.
Елена Рыбакина Торонтодағы турнирдің екінші айналымында сүрінді
Теннис • Бүгін, 11:17
Жамбыл облысының тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:09
Алматыда 280 орындық екі мемлекеттік балабақша салынады
Қоғам • Бүгін, 10:58
Тауар өндірушілерге тиесілі дизельді сатып жіберген оператор анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:48
Грузияның экс-президенті ауыр халде жатыр
Әлем • Бүгін, 10:35
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Михаил Литвин Түркияда алтын медаль еншіледі
Жеңіл атлетика • Бүгін, 10:18
Қостанайда қантты 100% үстеме бағамен сатқандар әшкереленді
ANTIKOR • Бүгін, 10:10
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасымен кездеседі
Президент • Бүгін, 10:03
«Реал Мадрид» UEFA Суперкубогының иегері атанды
Футбол • Бүгін, 09:55
11 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:40
Бес жасар Мәдинаның мәйіті табылған жерден видео жарияланды
Қоғам • Бүгін, 09:38
Джо Байден қысқамерзімді еңбек демалысына шықты
Әлем • Бүгін, 09:33
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Юлия Путинцева әлемнің үшінші ракеткасын жеңді
Теннис • Бүгін, 09:18
2458 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Бокс • Бүгін, 08:40
Теннис • Бүгін, 08:39
Спорт • Бүгін, 08:37
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
Қоғам • Бүгін, 08:35
Меншік құқығын қорғау ойдағыдай емес
Қоғам • Бүгін, 08:32
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Медицина • Бүгін, 08:30
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Медицина • Бүгін, 08:27
Білім • Бүгін, 08:25
400 мыңнан аса бала мемлекеттен материалдық көмек алады
Білім • Бүгін, 08:23
Абай • Бүгін, 08:22
Абай • Бүгін, 08:20
Сенат депутаттары – халық ортасында
Саясат • Бүгін, 08:17
Оқиға • Бүгін, 08:15
Экспорттағы шикізат үлесін азайтудың жолы қандай?
Экономика • Бүгін, 00:08
Көмір бағасын ырықтандыру қолдан келмей тұр
Экономика • Бүгін, 00:07
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Білім • Бүгін, 00:05
Абай • Бүгін, 00:04
Абай • Бүгін, 00:02
Экономика • Бүгін, 00:01
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Қаржы • Кеше
Әскери институт батырдың мерейтойын атап өтті
Аймақтар • Кеше
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қоғам • Кеше
Ауылдағы ағайынның әлеуетін тиімді қолданбай жүрміз
Қоғам • Кеше
Тозған жолда озған өмір қайдан болсын...
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар