Сайлау • 16 Сәуір, 2019

ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді

1227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында тіркелген 700-ден астам қоғамдық бірлестіктің 577-сі – үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде үкіметтік емес ұйымдардың бас қосып, өзекті мәселелерді талқылауына, жоспар-жобаларымен бөлісуіне мүмкіндік беретін 35 сұхбат алаңы жұмыс істейді.

ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді

Облыстық және 16 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталық бар. Әкімдіктер жанын­дағы кеңестер мен комиссия­лар­ға ҮЕҰ өкілдері енгізілген. Яғ­ни, үкіметтік емес ұйымдар­дың қоғамда алар өзіндік орны бар, атқарар рөлі де елеулі. Күні кеше үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бас қосып, еліміздегі басты саяси оқиға – сайлауға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

«Түркістан облысының Аза­мат­тық Альянсы» заңды тұл­ға­­лардың қауымдастық ныса­нын­дағы бірлестігінің төраға­сы Шәріпбек Жамалбектің төр­аға­лығымен өткен жиында «Жайылма» қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Жанболат Сүйін­баев, Түркістан қалалық «Семей ядролық сынақ полигоны» қо­ғам­дық бірлестігі­нің төрағасы Ахмет Оспанов, «Эко Атамекен» қоғамдық бір­лестігінің төрайымы Гүлнәр Ниязова өз пікірлерін білдір­ді. Мысалы, «Түркістан облысы­ның іскер әйелдер ассоциация­сы» қоғамдық бірлестігінің төрайы­мы Инара Намазбаеваның айтуынша, бірлестік ұжымдық үнқосуын әріптестеріне жолда­ған. «Әлем жұртшылығы еліміз­дегі татулықтың қуаты мен құн­ды­лығына көз жеткізіп отыр. Қазір­гі уақытта Қазақстан өзінің эко­но­микалық дамуының жаңа үрдістерімен де сыртқа танылып, саяси тұрақтылық­тың нәти­жесінде дамып келе­ді. Елдігімізді көрсе­тетін, тұтас­тығымызды дәлел­­дейтін шақ жетті. Сол үшін сай­лауға бір кісідей жұмылып атсалы­самыз. Еліміздің өзге өңір­леріндегі іскер әйелдер де бұл бастаманы қолдайды деп сенеміз», дейді И.Намазбаева.

 Ал жиынды жүргізіп отыр­ған Шәріпбек Жамалбек әрбір адам өзінің азаматтық белсенді­лігін танытып, елдік мәселе қозғал­ған саяси оқиғалардан шет қал­мауы керектігін айтты. «Ата-баба­мыз көксеген Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреп тұр. Ен­дігі мақсат әрі басты міндет – сол тәуел­сіздікті көздің қара­шы­ғындай сақтау және оны одан әрі нығайту. Елбасының бастауымен Қазақстан барлық сала­да жетістікке жетті. Бірлігіміз­ді ны­ғайта ел мүддесі жолында тын­бай еңбек етуіміз керек. Пре­зи­денттің өзі айтқандай, қоғам­дық-саяси келісімді қамта­масыз ету үшін айқындық қажет. Сол үшін үкіметтік емес ұйымдар сайлауға бір кісідей жұмылып, атсалысайық», деді Шәріпбек Жамалбек. 

Өз кезегінде сөз алған үкі­мет­­тік емес ұйым басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың шешімін қолдай­тын­дарын, сайлауға белсенді түрде қаты­сатындарын жеткізді.

Түркістан облысы