Руханият • 16 Сәуір, 2019

«Астана Балет» театрының бетке ұстар бишілері Сән апталығын ашады

921 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Балет» театрының прима-балериналары – Риза Қанатқызы мен Айжан Мұқатова бұл жолы пуанталарын біз өкшеге ауыстырып, Kazakhstan Fashion Week Сән апталығында жаңа киім үлгілерімен көпшіліктің алдына шығады.

«Астана Балет» театрының бетке ұстар бишілері Сән апталығын ашады

KFW қонақтары қатарынан үш күн, яғни, 17-19 сәуір аралығында мазмұнды бағдарлама аясында, жаңа есімдермен, жарқыраған киім үлгілерімен таныса алады.

Елдегі бас фэшн-оқиғаның көңіл аударар тұсы – «Астана Балет» театрының жетекші солистері жиналған қауымды әсемдік пен қиял әлеміне жетелеп, Сән апталығының салтанатын асырады.

Үш күн бойы дизайнерлік коллекцияларды тамашаламас бұрын, жиналған меймандарға театр репертуарындағы ғажайып хореографиялық композициялар көрсетіледі.

Биылғы Сән апталығының айтулы қонақтары – танымал дизайнерлер, стилистер мен байерлер ерекше әрі танымдық шеберлік дәрістерін өткізіп, бүгінгі сән әлемі нені қалайтыны әйгілі болмақ.


АЛМАТЫ