Заңсыз өнімдердің зардабы
Жұма, 15 маусым 2012 6:51
Алкогольдік өнімдер мен спирттің заңсыз айналымы елдің экономикасына айтарлықтай залал келтіреді және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, деді кеше өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат ЖҰМАНБАЙ.

2010 жылдан бастап қаржы полициясы органдары алкогольдік өнім және спирттің заңсыз айналымына байланысты 435 қылмыстық іс қозғаған, оның 412-і сотқа жолданды. Алкогольдік өнімдердің астыртын айналымының негізгі бөлігін спирттік ішімдіктерді сақтау мен сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік құрайды. Заңсыз алкоголь нарығынан 1,5 млн. спирт құйылған бөтелке алынды. Олардың басым бөлігі жасырын цехтарда антисанитарлық жағдайда жасалады. Аталған кезеңде осындай 37 заңсыз цехтің қызметі әшкереленді. Көп жағдайда спирттік ішімдіктерді қолдан жасаумен және оны әрі қарай сатумен ұйымдасқан қылмыстық топтар айналысады.
Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, этил спирті арақ-шарап өнімін қолдан жасаудағы басты компоненттерінің бірі болып отыр. Қаржы полициясымен заңсыз айналымнан алынған этил спиртінің мөлшері 248 мың литрді құрады. Спирттік ішімдіктерді қолдан жасауда қылмыскерлер жалған есеп маркаларын пайдаланады. Заңсыз айналымнан 1 млн. 430 мың жалған есеп маркалары алынды. Алкогольдік және спирттік ішімдіктердің заңсыз айналымын әшкерелеу бойынша жұмыс жалғасуда.