Экономика • 16 Сәуір, 2019

Экспортқа бағытталған жобаларды қаржымен қолдау экспорттың өсуіне ықпал етеді - Р.Скляр

894 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылғы 16 сәуірдегі Үкімет отырысындағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселесі бойынша мәлімдеме жасады.

Экспортқа бағытталған жобаларды қаржымен қолдау экспорттың өсуіне ықпал етеді - Р.Скляр

Индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы іске қосылып, экспортқа бағытталған жаңа өндірістер бюджеті 458 млн АҚШ долларын құраған. Шығарылатын өнімнің 50%-ті экспортқа бағытталған.

«Экспортқа бағытталған жобаларды 500 млрд теңге қаржымен қолдау экспорттың өсуіне оң ықпал етеді» деді Министр.

Министрдің ақпаратына сүйенсек, әлемдік нарықтардағы тұтыну мен сұраныстың өсуін ескере отырып, биыл бірқатар салалардағы тауарлар экспорты көлемінің өсуі күтіліп отыр. Олар:

- трансформаторларды, аккумуляторлар мен мойынтіректерді экспорттауды ұлғайту есебінен машина жасау;

- ферроқорытпалар мен болат құбырларын өндіруді ұлғайту есебінен металлургия;

- сондай-ақ химия және жеңіл өнеркәсіп салалары.