Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Екібастұздық мамандар тұрғындарға интернет ресурстарын пайдалануды үйретуде

863 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, бұл күндері бөлімде қолжетімді электронды сайттар, әлеуметтік желілер арқылы жұмыс жасайды.

Екібастұздық мамандар тұрғындарға интернет ресурстарын пайдалануды үйретуде

Ал, ең бастысы «Smart Eкібастұз» арнайы қосымшаларының көмегі көп. Биыл «BF Group INC» ЖШС арасында «Smart Eкібастұз» көпфункционалды жүйеге техникалық қолдау бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасалған.

Мәселен, әлеуметтік-еңбек саласына қатысты жаңалықтарды тұрғындар Smart-жаңалықтар тарауынан таба алады. Алда өткізілетін іс-шаралар жайында іс-шаралар күнтізбесі тарауда жарияланып тұрады.

Сонымен қатар, халықты жұмыспен қамту орталығы да цифрландыруға көшкен. Бір терезе үлгісінде электронды кезек енгізіліпті. Жұмыс іздеп жүрген жандар және жұмыс берушілер бірыңғай электронды еңбек биржасының жаңа форматымен қажеттісін таба алады.

Кейбір тұрғындарды компьютермен, интернет әлемімен таныстырып, мамандар оларға интернет ресурстарын пайдалану, электронды «Еңбек биржасы» сайтына  ену жағын үйретуде. Жалпы, «Еңбек.kz» электронды еңбек биржасына қаланың 482 ұйымы мен кәсіпорны тіркеліпті.

Жұмыс іздеушілер тарапынан 901 түйіндеме орналастырылған. Цифрландырудың нәтижесі мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тиімді. Оларға мемлекеттік 8 түрлі қызмет көрсетеді. Смарт-кезек тарауында кезек туралы ақпараттар  қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта инватакси қызметін алуға өтінімді де қашықтықтан аталмыш қосымша арқылы беру мүмкіндік алады. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталығы 3952 отбасыға қызмет көрсетілген. Жыл басынан бері 926 отбасы тұрғын үй көмегін алуға өтінім білдіріпті. Бұл қызметтің халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылатыны өте қолайлы.

Тұрғындар уақытын оңтайлы пайдаланып, бір мезетте орталықтан қажетті анықтамаларын ала алады. Сала қызметкерлері жұмыспен қамту орталығы көмегіне жүгінген азаматтарға сайтқа түйіндеме түзуге, жұмыс берушілерге өтінішті кеңсесінен шықпай-ақ, қашықтықтан беруі үшін олардың жеке кабинет ашып, тіркелулеріне көмектесетіндерін айтады. Өткен жылы аталған биржа арқылы 1316 тұрғыны тұрақты жұмысқа орналастырылса, биыл алғашқы тоқсанда 256 адам еңбекпен қамтылған.           

   Павлодар облысы