Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Әділет министрлігі контрафактіге қарсы байқау өткізеді

1245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазылар зияткерлік меншікті қорғау тақырыбына арналған үздік бейнероликтің авторын анықтайтын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әділет министрлігі контрафактіге қарсы байқау өткізеді

6-17 мамыр аралығында «Контрафакт» республикалық акциясының шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық конкурс өткізеді. 

«Байқаудың басты тақырыбы - «Контрафактіге жол бермеу».

Ең үздік қысқа бейнеролик (vine) байқауына 18 және одан жоғары жастағы азаматтар қатыса алады. 

Ал 14-16 жас аралығындағы балалар «Зияткерлік меншік және мемлекет-2050» атты үздік эссе республикалық байқауында өздерінің бақтарын сынай алады», – делінген хабарламада.