Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Ертеңнен бастап № 35, 36 және 103 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді

975 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бағдарлар қозғалысының қалыпқа келтірілгендігі туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ертеңнен бастап № 35, 36 және 103 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді

№ 35, 36 және 103 бағдарлар бастапқы аялдамалардан Беғазы Дәндібай және Ә. Қашаубаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көліктер солға бұрылып, Исатай батыр көшесіне, Исатай батыр көшесінен солға бұрылып, Үкілі Ыбырай көшесіне өтеді. Осы көше арқылы автобустар соңғы аялдамаға жететін болады. 

Қоғамдық көліктер кері бағытта да жоғарыда аталған сызбаға сәйкес қатынайды. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі туралы ақпарат қосымша хабарланады. Елорданың қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды www.alrt.kz ресми сайтынан білуге болады.