Кеншілер астанасында металлургтер мен шахтерлерге арналған арнайы жұмыс киімдерінің көрмесі өтті.
Көрмеге қойылған бұйымдардың басым бөлігі бүгінде өндірісте қолданылады. Олардың қатарында тыныс алу органдарын және биіктіктен құлаудан қорғау құралдары да бар. Өндірушілер құралдарды әзірлеуде заманауи материалдарды пайдаланған. Жеңілдетілген және ыңғайлы қорғаныс құралдары адамның өмірі мен денсаулығын барынша сақтауға мүмкіндік береді.
«АрселорМиттал Теміртау» Көмір департаментінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі басқармасының директоры Игорь Федосеевтің айтуынша, биіктікте жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған карабин-сақтандырғыштар мен заманауи бекіткіштерді сатып алу компания кәсіпорындарының жоспарында бар екен. Бұл құрылғылар арнайы механизмнің арқасында адамның биіктіктен құлап кетпеуін қамтамасыз етеді.