27 Маусым, 2012

Сенімділікті нығайту – басты бағдар

403 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сенімділікті нығайту – басты бағдар

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 7:12

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­­мақтастық ұйымымен өте тығыз қарым-қатынаста бірнеше бағытта берекелі жұмыс істеп келеді. Соның бірі ұлттық мектептерде көптілділік жүйені, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бекі­тілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметкерлердің сала бойынша біліктіліктерін арттыру, этнос­ара­лық қарым-қаты­нас бойынша мониторинг жүр­гізу жөніндегі жобалар жүзеге асуда. Ал осы ба­ғыт­тардың ішін­дегі негізгісі де ерекшелігі по­лиэтностық Қазақ­стандағы полиция қызметі болып отыр. Халық пен полиция қызмет­керлерінің арасындағы сенімді­лікті нығай­туға байланысты 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблея­сы мен ІІМ арасында сындарлы қа­натқақты жоба енгізілген болатын.

Сәрсенбі, 27 маусым 2012 7:12

Қазақстан халқы Ассамблеясы Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­­мақтастық ұйымымен өте тығыз қарым-қатынаста бірнеше бағытта берекелі жұмыс істеп келеді. Соның бірі ұлттық мектептерде көптілділік жүйені, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты бекі­тілген іс-шаралар, мемлекеттік қызметкерлердің сала бойынша біліктіліктерін арттыру, этнос­ара­лық қарым-қаты­нас бойынша мониторинг жүр­гізу жөніндегі жобалар жүзеге асуда. Ал осы ба­ғыт­тардың ішін­дегі негізгісі де ерекшелігі по­лиэтностық Қазақ­стандағы полиция қызметі болып отыр. Халық пен полиция қызмет­керлерінің арасындағы сенімді­лікті нығай­туға байланысты 2008 жылы Қазақстан халқы Ассамблея­сы мен ІІМ арасында сындарлы қа­натқақты жоба енгізілген болатын. Міне, осыған байланысты кеше Қазақстан халқы Ассам­блеясының хатшылығы мен Ішкі істер министрлігі ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары және ЕҚЫҰ-ның Ас­танадағы орталығымен бірлесіп «Қазақстанның полиэтностық ортасында полиция қызметін атқа­ру» атты бірлескен жоба таныстырылымын өткізді.

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Қазақстан Респуб­ликасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Тыныбеков, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жө­ніндегі Жоғарғы комиссары, елші Кнут Воллебек мырза, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орта­лы­ғының басшысы, елші Наталья Зарудна ханым және т.б. сөз сөйледі.

Сөйлегендер полиция қызметі мемлекеттік қызмет жүйесінің барлық саласынан көрініс табады деп атап өтті. Ауылда да, ауданда да, қалада да олардың жұмысы қайнап жатады. Сондықтан, олар араласпайтын мәселе жоқ. Ендеше, олардың қызметінің поли­эт­ностық саладағы маңызы да зор. Соған орай бұл аталған шараның мақсаты да Қазақстан мен ЕҚЫҰ жинақтаған осы саладағы тәжі­рибені ортаға салу, талдау озық және нәтижелі бағыттарын қарас­тыру болып табылды. Қазақстан әр уақытта шетелдердің тә­жі­рибесін сараптап отырады. Талдау барысына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент Мә­жілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының министрлік­тері мен ведомстволарының, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің, ЕҚЫҰ-ның АҰЖК кеңсесінің, халықаралық ұйымдар, шетелдік сарапшылар, этномәдени бірлес­тіктер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы арасында бірлескен жобаны жүзеге асыру жөніндегі аталған тарап­тар­дың өзара қарым-қатынасын реттейтін түсіністік туралы ме­морандумға қол қойды.

Жоба 2012 жылғы маусым – 2013 жылғы желтоқсан аралы­ғын­да Қазақстан Республика­сы­ның Ішкі істер министрлігі мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталы­ғының бірлесе ұйымдастыруы­мен жүзеге асатын болады. Оның жүзеге асуына ЕҚЫҰ-ның полиция қызметінің стратегиялық мә­селе­лер бөлімі мен Ұлыбритания полиция қызметі саласының сарапшылары қолдау білдіреді. Жо­ба­ның басталуы жөніндегі жоға­ры деңгейдегі іс-шараны өткізу­мен қатар, Алматы және Оңтүс­тік Қазақстан облыстарының жо­ғары және орта құрамдағы полиция офицерлері үшін тәжірибелік семинарлар, оқу бағдарламасын әзір­леу жөніндегі бірлескен жұ­мыс тобының отырысын, полиция қызметкерлерін даярлау жө­ніндегі оқу орталығы үшін арнайы мамандарды оқыту шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».