Қоғам • 17 Сәуір, 2019

Акция жүргіншінің жол ережесін бұзатынын көрсетті

1182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Қауіпсіз жол» акциясы көшеде болатын жол-көлік оқиғасына жүргіншілердің өздері де кінәлі, олардың жиі жол ережелерін бұзатынын көрсетті.

Акция жүргіншінің жол ережесін бұзатынын көрсетті

Үш күнде 81 жүргінші «ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы» заңның 615-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 40 көлік жүргізуші алдындағы көлікті басып озғаны үшін, 28 көлік иесі жүргіншіге жол бермегені үшін айыппұл төледі.

Мұның сыртында көшеде жылдамдықты негізсіз күшейткен,  құжатсыз көлік айдаған, жасырын жолаушылар тасыған,қауіпсіздік белбеуін тақпаған, бағдаршам белгісіне тоқтамаған жүргізушілер, масаң күйінде көлік жүргізгендер де полицейлердің қырағы назарынан тыс қалмады.

Жалпы, 2019 жылдың алғашқы үш айында облыс орталығында 38 жол көлік оқиғасы тіркелген, одан 40 адам түрлі жарақаттар алған. Осы жол-көлік оқиғаларының 24-де көлік жүргіншілерді қағып кеткен. Соның нәтижесінде 25 адам зардап шеккен.