Бизнесті дамытудағы кеден көмегі
Сенбі, 30 маусым 2012 7:55
Бүгінгі таңда кеден саласында жүзеге асырылып жатқан кешенді өзгерістердің басты бағыты кедендік рәсімдерді оңтайландыру және жеделдету, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған кеден қызметі мен кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекеттесудің толыққанды жүйесін дамыту болып табылады. Бұл бағытта талай игі шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бірі деп кеден саласында кәсіпкерлер үшін қажетті уәкілетті экономикалық оператор деген жаңа оңтайландыру жолын айта аламыз. Дегенмен, осы мәселе бойынша бізге хабарласып жатқан кәсіпкерлер де аз емес.
Сенбі, 30 маусым 2012 7:55
Бүгінгі таңда кеден саласында жүзеге асырылып жатқан кешенді өзгерістердің басты бағыты кедендік рәсімдерді оңтайландыру және жеделдету, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған кеден қызметі мен кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекеттесудің толыққанды жүйесін дамыту болып табылады. Бұл бағытта талай игі шаралар жүзеге асып жатыр. Соның бірі деп кеден саласында кәсіпкерлер үшін қажетті уәкілетті экономикалық оператор деген жаңа оңтайландыру жолын айта аламыз. Дегенмен, осы мәселе бойынша бізге хабарласып жатқан кәсіпкерлер де аз емес. Жалпы, бүгінде “Уәкілетті экономикалық оператор” мәртебесіндегі сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары тауарлар мен көлік құралдарын белгілі бір кеден ресімдеріне мәлімдеу мен кедендік тазартуда артықшылықтарды пайдалануда. Аталмыш мәртебені алу және бизнесті дамытуда оны тиімді пайдалану жолдары туралы бізге Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің маманы Гауһар Ақбасова жан-жақты айтып берді.
Оның әңгімелеуіне қарағанда, уәкілетті экономикалық оператор бұл арнайы оңтайландырылған ресімдерді тәжірибе жүзінде қолдануына мүмкіндік берілетін тұлғалар санаты болып табылады. Арнайы кедендік оңтайландыруларды пайдалану кедендік операцияларды жүзеге асыруда қаржылық және уақыт шығындарын азайтып, логистикалық тораптарды жетілдіруге жол ашады.
Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі заңды тұлғаға өкілетті экономикалық операторлар тізіміне енгізу туралы куәлік берілу арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті экономикалық операторлар институты ұғымы – кедендік рәсімдерді оңтайландыру және біріздендіру туралы Халықаралық конвенция және қауіпсіздік пен әлемдік сауданы жеңілдету стандарттарының ұсынысына сәйкес, Отандық кеден заңнамасына енгізілген жаңалық болып табылады. Аталмыш ұғымның болуы және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына бұл мәртебені беру кеден қызметі мен бизнес-қоғамдастығы арасындағы әріптестіктің негізгі нышаны екені анық.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай мәртебе 18 заңды тұлғаға, яғни телекоммуникацияға қызмет көрсету құрал-жабдықтарын, құрылыс материалдарын, шина, фармацевтикалық тауарларды, азық-түлік, қағаз өнімдерін шетелден әкелетін ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген. Осы кәсіпкерлердің пікірінше, мұндай мәртебенің болуы олардың сыртқы экономикалық қызметтерін айтарлықтай жеңілдетеді. Бюджет түсімдерінің ұлғаюы мемлекет үшін де пайдалы, әрі кеден мен бизнес арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайта түседі.
Сонымен қатар, аталған мәртебені алу арқылы берілетін жеңілдіктер де бар екенін кәсіпкерлер жасырмайды. Атап айтқанда, кедендік декларацияны ұсынуға дейін тауарларды жіберу, уақытша сақтау құқығы және оператордың жеке аумағында тауарларды жіберуге байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі, кедендік транзит кезінде кедендік баж және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету қажеттігінің болмауы дейді. Кедендегі мұндай жеңілдіктердің бизнеске берері көп.
Бұл – кедендік шекараны өту рәсімін жеделдету, қаржылық шығындарды азайту, тауарларды тауарлар декларациясын ұсынуға дейін пайдалану, алдын ала және электронды декларациялау рәсімін қолдану мүмкіндігі, жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, құжат айналымын қысқарту, құжаттар жиынтығының аздығы және ең бастысы, кедендік баж және салықтарды төлеу мерзімінің 40 күнге дейін ұзартылуы. Өтініш және аталмыш құжаттарды ұсынғаннан кейін Комитет өкілетті экономикалық операторлар тізіміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру бойынша немесе себебін түсіндіру арқылы аталмыш куәлікті беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».