20 Шілде, 2012

Қаржы полициясынан қолы тазалар қорықпайды

312 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қаржы полициясынан қолы тазалар қорықпайды

Жұма, 20 шілде 2012 7:43

Құдай біледі, «қаржы полициясы» дегенде кез келген жанның жүрегі дір ете қалатын шығар, сірә… Шынын айту керек, тек қаржы полициясы ғана емес, жалпы погон тағып, фуражка, арнайы әскери форма киген ағайындарда әйтеуір бір сұс бар ғой… Үстіндегі киімінің құдіреті ме, жоқ, әлде қолындағы билігінің құдіреті ме, түсініксіз.

Жұма, 20 шілде 2012 7:43

Құдай біледі, «қаржы полициясы» дегенде кез келген жанның жүрегі дір ете қалатын шығар, сірә… Шынын айту керек, тек қаржы полициясы ғана емес, жалпы погон тағып, фуражка, арнайы әскери форма киген ағайындарда әйтеуір бір сұс бар ғой… Үстіндегі киімінің құдіреті ме, жоқ, әлде қолындағы билігінің құдіреті ме, түсініксіз.

Жалпы, сіздің қаржы полициясы туралы ойыңыз қалай? Қар­жы полициясынан неге қорқасыз? «Ойбай, ана бір ше­неунікті каби­нетінде пара алып жатқан жерінен ұстапты», «Пә­лен­ше түгеншеге пара беріп жат­қан жерінен ұс­та­лып қа­лып­ты». Жасыратыны жоқ, біздің қаржы полициясы туралы түсі­ні­гіміз, білетініміз, пайымымыз осы төңіректе ғана. Олардың жұмысының сырын, қырын, ма­қ­сатын терең түсінбегендіктен қаржы полициясының өзі түгілі, қарасынан қорқамыз.
Жоқ, сіз қателесесіз. Қаржы полициясы сіз ойла­ған­дай қор­қы­нышты емес. Қаржы полициясы органдары­ның басты міндет­те­рі­нің бірі – мемлекетіміздің эко­но­микалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кә­сіпкерлердің заңдық құқық­та­рын қорғау, қаржылық, жем­қор­лық сипаттағы қылмыстарды тер­­геу, ашу, жолын кесу. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-ша­ғымдарын мұқият қарау, олар­­ды сапалы шешу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, ел ең алдымен қаржы полициясын тек жемқор ұстаушы емес, биз­нестің қорғаушысы, қалқаны, қамқор­шысы деп сезінуі қажет.
Статистикаға сөз берсек, осы жылдың 6 айында департаментке 2973 арыз-шағым түсіпті. Оның 92-сі кәсіпкерлерден, 158-і ұжым­дардан түскен. Оңтүстік Қазақ­стан облысы қаржы полициясы құжат айналымын қамта­масыз ету бө­лімінің бастығы А.Көке­баева­ның айтуына қа­ра­ғанда, арыз­дар­дың көбісінде алаяқ­тық мәселесі айтылған. Об­лыстық қаржы полициясы әр сен­бі сайын аудан-ауылдарға шы­ғып, тұрғындармен кездесу өткізеді. Тіпті, сол кезде де елдің көбісі алаяқтарға алданып қал­ғанын айтып арызданады екен. Яғни, бү­гін­де алданбаған адам аз. 2011 жылы алаяқ Ж.Әлі­мо­ва­ның бүкіл елді шулатқаны бә­рі­міздің есімізде. Ол заңсыз кәсіп­кер­лікпен айналысып, 2008 жылы «Әлем Қазына» ми­кро­кре­дит­тік ұйымын ашады. Өзі құ­рыл­тайшы әрі өзі директор Ж.Әлімова өзге­нің дүниесін алдап алу мақса­тында қылмыстық кесте жасап, «қаржылық пирамида» құр­ған. Сөйтіп, қаншама адамның қар­жы­сын, қаншама жандардың тір­нектеп жиған дү­ниесін жоқ қы­лып, обалына қалды. Бұл мә­селеге қаржы по­ли­циясы аралас­пағанда алаяқ әйелдің қай жерге дейін тай­раң­дап, қаншама жанның көз-жасына қаларын бір құдай бі­леді.
Елдің бәрінің құқықтық сауаты жоқ қой. Әрі бұл өмірде оңай олжаға кенелгісі келетіндер де көп. Біздіңше халық қаржы полициясын анадайдан айналып жүр­мей, есігін емін-еркін ашып: «Мен мына ұйымға ақша салайын деп едім, пайдаға қарық бо­ла­сың деп жатыр, бұл ұйым қан­шалықты заңды?» немесе: «Мен мынадай бір тірлік бастайын деп едім, мынандай кедергілер болып тұр, бұл заңға сәйкес пе?» деп ақыл-кеңес сұраса, көп алаяқ­тың жолы о бастан-ақ кесілер еді. Жақында жергілікті газеттің бірінен Шымкент қаласының тұрғындары Н.Өмір­бекова мен А.Әзімхан­қы­зы­ның қаржы полициясына рахмет айтқан шағын хабарына көзім түсті. Бұл екеуі де алданып қал­ған, әйтеуір қар­жы полициясының арқасында алаяқ­тық фактілері ашылып, бәрі өз орнына келіпті. Кейінірек қаржы полиция­сын­дағы мамандардан біл­ге­нім, департаментке мұн­дай алғыс айтушылар көп екен.
Бәріміз «қорқатын» қар­жы полициясы қайырымды­лық жасаудан да кенде емес. Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы қаржы поли­ция­сы­­ның бастығы Серікбай Ерім­бетовтің бастамасымен бұл ұжым Шымкент қала­сындағы №3 балалар үйін өз қамқорлықтарына алып­ты. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген Наурыз мереке­сінде, одан Балаларды қор­ғау күні ұжым мүшелері осы мекемеде болып, түрлі сый-сияпаттар жасапты. Бара салып, базарлығын бе­ріп, «осы­мен миссиямыз бітті» дегендей көзбояу­шы­лық жасап, қайтып кетпестен, қызметкерлер балалармен отырып ас ішіп, әң­гі­мелесіп, ойындарын, өнер­лерін тамашалап, жаны жабырқау бүлдіршіндерге бір күндерін арнапты.
Яғни, қаржы полициясы сіз ойлағандай әзірейіл емес. Әри­не, «бес саусақ бірдей емес», бұл салада да қызметін пайдаланып, қалтасының қамын ойлайтындар жоқ деп айта алмайсың. Ондай жемқорлардың тірлігі әйтеуір бір әшкере болатынын өмірдің өзі көрсетіп жүр. Қаржы полициясынан қолы таза, жүрегі ақ, малын емес, алдымен арын ойлайтын адамдар ғана қорық­пайды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.