Аймақтар • 17 Сәуір, 2019

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

1109 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Конференция облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті. Конференцияның өкілеттілік нормасына сәйкес 27 351 партия мүшесінен 200 делегат сайланып, олар толық қатысты.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы  кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының  мүшелері қатысты.

 Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың ақпан айында өткен съезде инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды, перспективалық ауылдарды дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Халыққа көмек» және «Бақытты отбасы» жобаларын жариялап, жаңа міндеттерді атап көрсеткен болатын. Бұл ретте «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары З.Есбергенова баяндама жасады. 

Оның айтуынша, аталмыш партиялық 4 жоба туралы 11-13 сәуір аралығында 158 бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары мен 7 аумақтық филиалдардың конференцияларында кеңінен түсіндірілген. 

 «Халыққа көмек» жобасы бойынша көп балалы және әлеуметтік қиын жағдайдағы отбасыларға облыстық, қалалық, мәслихат депутаттары, «Берекет-Ф» ЖШС – 40 отбасына, «Біз адамдар-біз біргеміз» қайырымдылық қоры – 50 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сондай-ақ, «Берекет-Ф» ЖШС 180 отбасына 20 пайыз жеңілдікпен «Ақ НЕК» өнімдерін алуға сертификат берді.

Екінші  «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған Балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмыс тобын жасақталып, жұмыс жоспар бекітілсе, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы «Мектеп спортзалын жаңғырту» жобасы бойынша өңірде 5 мектептің спорт залы жаңартылады. Ақтаудағы – 3 мектеп, Мұнайлы ауданы бойынша – 2 мектептегі спорт залдар жаңғыртылады. Екінші – ауылды кадрмен қамтамасыз ету. Қолдау шараларын жақсарту есебінен «Дипломмен ауылға» жобасының аясында  500 мамандарды тарту жоспарланған.

Үшінші – ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту. Ағымдағы жылы 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Тағылымдама қорытындысы бойынша кем дегенде 500 жасты ірі шаруа қожалықтарына жұмысқа орналастыру, агро-өндірістік кешен саласында кемінде 200 жастар жобасын іске қосу жоспарланған. Ал, «Құтты мекен» жобасы бойынша инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның даму барысына партиялық бақылауды жүргізу мақсатында мақсатта үш деңгейлі бақылау жүйесі құрылды. Яғни, аудандар мен қалалар деңгейінде мониторингілеу топтары жұмыс істемек. Олар тікелей объектінің өзінде бақылауды қамтамасыз етеді. 

-Осылайша, жергілікті жердегі, ауылдардағы, аудандардағы және қалалардағы біздің партияластарымыз тұрғындардың азаматтық белсенділігін ынталандыру, азаматтарды әлеуметтік маңызды іске тарту үшін мүмкіндік алады. Лауазымды тұлғалардың арасында сыбайлас жемқорлыққа, ұрлыққа, немқұрайлылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жағдайлары жасалады. Бұл дегеніміз – бюджет қаражаты мақсатты жұмсалмақ. Халық белгіленген мерзімде сапалы жолға, тұрғын үйге, коммуникацияға, өзге де әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді, деді өз баяндамасында Звира Есбергенова. 

Ал әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың табысы мен әл-ауқатын көтеруге бағытталған партиялық жобалар туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырбек Ибрашов баяндады. 

Сондай-ақ, сөз сөйлегендер қатарында ардагер - ұстаз, партия ардагері, ұстаздар династиясының мүшесі Ләйла Жалғасбаева, «Өзенмұнайгаз» компаниясының инженері Жұлдыз Мұхамбетқалиқызы, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Кудуз Баматгереев, ауылшаруашылығы саласының ардагері, Түпқараған ауданының қоғамдық кеңес мүшесі, партия ардагері Нұрым Бөлекбаев болды.

Шарада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIХ съезіне Маңғыстау облыстық филиалынан 19 делегат сайланды.