Аймақтар • 17 Сәуір, 2019

Әлеуметтік қолдау бағыты – партияның басты назарында

924 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті. Шарада партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттердің жүзеге асуы сарапқа салынып, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарға шолу жасалды.

Әлеуметтік қолдау бағыты – партияның басты назарында

Партия бастамасымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік қамқорлық шаралары облыс кәсіпкерлері тарапынан да үлкен қолдауға ие болуда. Бүгінге дейін меценаттар мен демеушілер  көмегімен 3,5 мың отбасына жалпы сомасы 125 млн.теңгеге қаржылай көмек көрсетіліп,  3 пәтер, 20 үй берілген. Жалпы, аймақта «Құтты мекен» жобасына біріктірілген мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасында 116 жобаның жүзеге асырылуына 92,6 млрд теңге қаражат бөлінген. 

Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 101 жобаның жүзеге асырылуына 17,8 млрд теңге қаражат қарастырылды. «Халыққа көмек»  бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында облыста партияның барлық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 376 өтініш тіркеліпті. Осы өтініштер ішінде 81 өтініш яғни 21,5 прооценті оң шешімін тапқан екен.

- Жетісу өңірінде 40 мың көпбалалы отбасында 165 мың бала тәрбиеленеді. Олардың 11 мыңы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар. «Бақытты отбасы»  жобасы аясында Алматы облысында әлеуметтік жол картасы іске қосылды. Ағымдағы жылы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 6 млрд.теңге, Әлеуметтік жол картасына қосымша 3,4 млрд.теңге қаражат қарастырылды, - деді өз сөзінде «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев.

Конференция барысында аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты  Ермек Келемсейіт пен аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева және Жетісу мемлекеттік университеті жастар орталығының басшысы Арнай Байжұрынов өз ойларын ортаға салды. Конференция соңында Жетісу өңірінен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ Съезіне 45 делегат сайланды.

Алматы облысы
Соңғы жаңалықтар