25 Шілде, 2012

«Айқын» жобасынан күтеріміз көп

346 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Айқын» жобасынан күтеріміз көп

Сәрсенбі, 25 шілде 2012 7:43

Мемлекеттің маңызды құқықтық-саяси бағыттарының бірі – адамды ар-намысына қол сұғушылықтан қорғау және құқы бұзылған жағдайда оны қалпына келтіруге бағытталған тиімді тетіктерді құру болып табылады. Ал біздің елімізде адам құқына қол сұғушылықтың бір көрінісі жаппай сыбайласқан жемқорлықтың етек алуы болып отыр. Осы орайда оны жою немесе болдырмау Елбасының Жолдауында айтылғандай, құқық қорғау органдарының айқын міндеті.

Сәрсенбі, 25 шілде 2012 7:43

Мемлекеттің маңызды құқықтық-саяси бағыттарының бірі – адамды ар-намысына қол сұғушылықтан қорғау және құқы бұзылған жағдайда оны қалпына келтіруге бағытталған тиімді тетіктерді құру болып табылады. Ал біздің елімізде адам құқына қол сұғушылықтың бір көрінісі жаппай сыбайласқан жемқорлықтың етек алуы болып отыр. Осы орайда оны жою немесе болдырмау Елбасының Жолдауында айтылғандай, құқық қорғау органдарының айқын міндеті.

Бұл мақсатты орындау барысында халықты қорғаудың заманауи ақпараттық жүйелері әзірленіп, оны жүзеге асыру жөнінде ауқым­ды жұмыстар да атқарылды.  Со­ның бірі ретін­де заңдылықты және құқық тәртібін қамтамасыз ету шең­берінде Бас прокуратураның Құ­қықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі ко­митеті өтініштердің қаралуы­ның ашықты­ғын, айқынды­лы­ғын, сондай-ақ сы­байлас жем­қорлық әрекеттерге алғы­шарт ретіндегі шенеуніктер мен аза­маттардың жеке қарым-қаты­насын болдырмауды көздейтін «Айқын» жобасын әзірледі.

Осы орайда Бас прокурату­раның Құқықтық статистика жә­не арнайы есепке алу жөніндегі ко­митетінің төрайымы С.Айтпаева «Айқын» кезекті иннова­ция­лық жобасының республика бойынша кезең-кезе­ңімен енгізілуі туралы хабарлады. Азаматтардың өтініш­те­рімен жұмыс биліктің халықпен өзара іс-қимы­лының маңызды нысаны болып табылады. Өкінішке қарай қазіргі уа­қыт­та жұмыс істеп тұрған жүйе­мен өтініш берушіге жедел, ал кейде сапалы ақпарат жеткізу әрдайым мүмкін емес. Оған мынадай  деректер дәлел. Бұл мә­ліметтерге қараған­да, республика бойынша 2011 жылы жеке және заңды тұл­ғалар барлық мемле­кеттік орган­дарға 20,5 миллион өтініш берсе, олар­дың 14 657-сінің қа­ралу мер­ізімі сақтал­маған. Ал үстіміздегі жыл­­­­дың 1-ші тоқса­нында жеке және заң­ды тұлғалар мемле­кеттік орг­ан­дарға 4 миллионнан астам өтініш берген, олар­дың 1 272-сінің қаралу мер­зімі бұзылған.
Аталған «Айқын» жобасы жеке және заңды тұлғалардың өз өтініштерін мемлекеттік орган­дардың нақты уақыт тәртібінде қарау барысын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мысалы, әр­кім өз өтініші бойынша құжат­тың жылжуымен қатар, қарау мерзім­дерінің бұзылу деректерін де қоса бақылай алады. Жаңа жо­баның мақсаты мемлекеттік ор­ган­дардың жеке және заңды тұлғ­а­­­­­лар­дың өтініштерін қарау жө­нін­дегі жұмысын нақты уақыт режімде тұрақты түрде жұртшы­лықтың бақылауын және прокуратура органдарының қадағала­уын жүзе­ге асыру болып табылады.
Өткен жылы «Айқын» жобасы бойынша Ақмола облысы әкімдігінің құрылымдық бөлім­шелерінде арнайы сынақ жүр­гізілді. Көкшетау қаласының әкім­­­дігіндегі қанатқақты тәжі­рибе барысында мемлекет­тік органға жүгініп, талон алған 6 жарым мыңнан артық адамның 70 пайызы  «Айқын» жүйесі ар­қылы өздерінің өтініштерінің қаралу барысын бақылай алды.
Жобаны жүзеге асыру 2012-2014 жылдар аралығында кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап «Айқын» жобасы Астана қаласының мемлекеттік органда­рының аппараттарында  енгізі­леді. Өтінішті мемлекеттік ор­ганға өз қолымен берген жағдай­да өтініш беруші  өтінішті қа­былдаған кеңсе қызметкерінен 18 таңбалы бірегей нөмірі бар талон алады.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істей білу биліктің ха­лықпен өзара іс-қимылының ма­ңызды нысаны болып табылады. Сондықтан да мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  ықпал ету нәти­желері бойынша олар­дың қызме­тінің сапасы баға­ланады, сөйтіп әрбір азаматтың билікке сенімі қалыптасады.
Қандай да бір мемлекеттік органға жүгіне отырып, азамат өзі қойған мәселелердің заңды және уақтылы шешілуіне, сон­дай-ақ тиісті жауап алуға үміт­тенеді. Ал қазіргі қолданыстағы жүйе өтініш берушіні жедел, тіп­ті кейде талапқа сай ақпа­рат­тандыруға мүмкіндік бермей­ді. Өтініш берушілермен жұмыс тиімділігінің төмен болуының негізі жүгінген жеке және заңды тұлғалардың қанағаттанбауы тиіс­ті лауазымды шенеуніктер біліктілігінің төмендігінен және өтініштерді қарауға дұрыс қа­рым-қатынас жасамауынан болады. Міне, осындай келең­сіз­дік­терге байланысты мемле­кеттік органдардың жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қа­рау жө­ніндегі жұмысына прокуратура органдарының «онлайн» режімде тұрақты түрде ба­қылау және қадағалау жасап тұруы үшін «Айқын» жобасы дүниеге келді.
Бұл қызмет түрі халық арасында жоғары қолдау тапқан­ын атап өту қажет, бұған себеп аталған ақпараттың азаматтар үшін қай кезде де және қай жерде болса да қол жетімділігі, өйт­кені бұл жоба жауап беру күнін ғана емес қараудың мер­зімін ұзартуды және  ведом­стволық бағыныстылығы бойынша қайта жолдауды анық­тау­ға мүмкіндік берді.
Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау қызметін ба­ғалаудың негізгі өлшемдерінің бірі мерзімі бұзылып қаралған өтініштер санының өсуі немесе төмендеуі болып табылады. Тәжірибе жүргізілген кезеңде көптеген өтініштің мерзімі бұ­зылып қаралса, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі бұл көрсет­кіш төмендеген. Демек салыс­тыр­малы түрде айтсақ кем­шіліктер түзетіліп келеді. Сөй­тіп, «Ай­қын» жобасын Президент Әкім­шілігі қол­дап, оны бүкіл республика аумағында енгізу қа­жеттігі туралы ше­шім қабылдады.  «Ай­қын» жобасын енгізуді аяқтау 2014 жылдың төртінші тоқса­нына жоспар­ланған.

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».