Әлем • 18 Сәуір, 2019

Қазақстан және Ұлыбритания: екіжақты стратегиялық әріптестіктің ахуалы мен болашағы талқыланды

914 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Сэр Алан Данканмен өткізілген келіссөздер барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы ахуалы мен болашағын талқылады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан және Ұлыбритания: екіжақты стратегиялық әріптестіктің ахуалы мен болашағы талқыланды

СІМ келіссөздер аясында Министр Б. Атамқұлов екі елдің саяси диалогы сындарлы, ашықтық және өзара қолдаумен ерекшеленетінін атап өтті. Ол екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі СІМ басшылары деңгейде Стратегиялық диалогын, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссясын және Іскерлік кеңестің сауда-экономикалық және индустриялық салалардағы құрылымдардың тиімділігін және инвестициялық өзара іс-қимылдардың ілгерілетуін атап өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы сұхбаттасушыны ҚР СІМ-ге мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру және экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функцияларды беру туралы хабардар етті.

А. Данкан, өз кезегінде, Ұлыбритания Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Британдық министр Қазақстандағы ішкі саяси өзгерістеріне толық қолдау білдірді және халықаралық қауымдастығы үшін елдің ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығы мен болжамдылығы зор маңыздылығын атап өтті.

Лондон ҚР-мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Британдық сұхбаттасушы сандық технологиялар мен ауыл шаруашылығы саласында үлкен әлеуеттің болуымен келісті.

Біріккен Корольдік Қазақстанның бес ең ірі инвесторларының қатарына кіретінін атап етуге жөн. 2005 жылдан 2018 жылға дейін Ұлыбританияның Қазақстанға тікелей инвестициялардың көлемі 13,3 млрд АҚШ доллар құрады. Қазақстанда британдық қатысуымен 860 астам заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген, олардың ішінде 500 астам заңды тұлғалар іс-әрекет жүргізуде. Сауда-инвестициялық ынтымақтастыққа ү.ж. сәуірдің соңында Ұлыбритания Премьер-министрінің Сауда өкілі Баронесса Эмма Николсон бастаған ірі іскерлік бизнес делегацияның жопарланған сапары қосымша серпін береді.

Тараптар Қазақстан-Британ іскерлік ынтымақтастығының айқын табысы ретінде жеңілдетілген салық режимімен және тәуелсіз қаржы сотымен, ағылшын құқығы қағидаттарында жұмыс істейтін, Британдық сарапшылардың белсенді қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын атап өтті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар талқыланатын мәселелердің барлық кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізіп, стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік икемділігін растады.