Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Алматыда 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды

826 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 49 жастағы Қазақстан азаматы  валюта контрабандасымен ұсталды

«Алматы» шекаралық бақылау отрядының шекара наряды халықаралық әуежайдан «Алматы - Пекин» бағытымен ұшқалы тұрған HU – 7934 әуе рейсін ресімдеу барысында 1970 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.

Ұстауға себеп, аталған азаматтан тексеру барысында табылған, кедендестірілмеген 30 000 АҚШ доллары, 1 285 қытай юані және 22 000 теңге болды. Ұсталған азаматтан алынған ақша актіленіп, «Жетісу» кеден бекетіне тапсырылды.