Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев осылай дейді.
«Электрондық қызметтерді кез келген адам үйінде отырып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы Connection Point секторларында өздігімен ала алады. Ол үшін азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба керек немесе мобильдік азаматтар базасында тіркелуі тиіс», - деді ол.
Мәселен, филиалмен өткен жылы үш жүз мыңнан астам қызылордалыққа ЭЦҚ берілді. Егер 2018 жылы 230 мыңнан астам облыс тұрғыны мобильді азаматтар базасына тіркелсе, 2019 жылдың I тоқсанында бұл көрсеткіш 93 мыңды құрады. Аталған жүйеге тіркелген азаматтар мемлекеттік қызметтерді ғаламтор арқылы пайдаланушылар қатарына қосылған.
«Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында қызмет алушылар саны 2016 жылы 442 мыңнан астам болса, 2018 жылы 728 мың құраған. Яғни, 40 пайызға артып отыр.
Жақын уақытта халық көп шоғырланған орындарда, сауда орталықтарында «Connection point» секторларын ашу жоспарлануда.
Қызылорда облысы