Спорт • 18 Сәуір, 2019

Футбол: Жартылай финалда кімдер кездеседі?

1142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық сайыстары аяқталып, жартылай финалда қай командалардың өзара күш сынасатыны белгілі болды.

Футбол: Жартылай финалда кімдер кездеседі?

Осы межедегі екі бәсекеде фавориттер ұтылып қалды. Мәселен, Голландияның «Аяксы» Италияның «Ювентусын» жеңеді деп ешкім ойлаған жоқ. Өз алаңында Қызғалдақтар елінің өкілдері тең ойнады – 1:1. Есесіне Туринде өткен кездесуде қонақтар жеңіске жетті – 2:1.

 Англияның қос клубының өзара дербиі толассыз голдарға толы болды. Лондонда өткен алғашқы матчта «Тоттенхэм» 1:0 есебімен басым түскен еді. Қарымта ойында 4:3 есебімен «Манчестер Сити» ұтты. Сырт алаңда көбірек гол соққан астаналықтар келесі айналымға өтті.

 Ал «Барселона» мен «Ливерпульдің» үстемдігі еш күмән туғызған жоқ. Испандықтар екі бәсекеде де «Манчестер Юнайтедті» (1:0, 3:0) ұтты. Сол секілді ағылшындар «Портудан» (2:0, 4:1 ) айласын асырды.   

 Жартылай финалда «Барселона» мен «Ювентус» және «Тоттенхэм» мен «Аякс» күш сынасады. Алғашқы матчтар 30 сәуірде және қарымта кездесулер 7 мамырда өтеді.