18 Сәуір, 2019

Павлодарда «Қазақтың Қанышы. Феномен. The Phenomenon» кітабының тұсаукесері өтті

848 реткөрсетілді

Облыс орталығында Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай өткен онкүндік барысында мемлекеттік педагогикалық университетте өткен «Қазақтың Қанышы. Феномен. The Phenomenon» атты кітаптың тұсаукесер рәсіміне кітап авторы, зерттеуші-жазушы Медеу Сәрсеке қатысты.

Рухани шараны  ұйымдастырушы университет ректоры Алтынбек Нухұлының айтуынша, жаңа кітап «Фолиант» баспасынан 2,5 мың данамен шыққан.

Кітапта ғалым Қаныш Сәтбаев жайлы М.Сәрсекенің ғұмыр бойы жинаған материалдары мен соңғы уақыттарда ғана белгілі болған деректері жазылған.

Ал, кітап облыс әкімі Болат Бақауов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтік қолдауымен басылып шыққан.

 Жазушы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері  84 жасқа  келген Медеу Сәрсеке ағамыз ғұмырының 60 жылға таяу уақытын Қаныш Сәтбаевтың өмірін зерттеуге арнаған екен.

 - Мен де  тау-кен саласы мамандығына оқып, білім алдым. Бірақ, әдебиетке құштар болдым. Бірнеше жыл өз мамандығым бойынша өндірісте инженер болып істедім. Бір күні Әлкей Марғұлан ағамыз мені көргісі келеді дегенді естідім. Алматыға барып жолықтым. Ол кісі менің кітаптарымды оқығанымды айтып, бағалай келе, Қаныш ағаң туралы жаз деп өтініш білдірді. Ол кезде Қанекеңнің атағын естігеніміз болмаса, жүзін көрме-генмін. Жүрексініп, қолымнан келмейді деп едім, ұрсып тастады. Екі-үш күн ойланып, Әлекеңе қайта барып, тапсырмасын қабылдадым,-дейді Медеу аға.

 Сәтбаев туралы кітаптарды жазып бітірген соң, қайтадан тау-кен инженері қызметіне оралмақ болады.

Бірақ, ғалым Қаныштың еңбегін, өмірін зерттеу  Медеу Сәрсекенің ғұмыр бойғы тақырыбына айналады.

 Алғашқы зерттеу кітабын 13 жыл жазып, 1980 жылы Мәскеуден «Жайсаң жандар өмірі» («Жизнь замечательных людей») сериясымен жарыққа шығарады.

 Жазушы  Қ.Сәтбаев туралы 18 кітап жазған, оның 12-сі - қазақ тілінде, алтауы - орысша.

-«Қазақтың Қанышы. Феномен. The Phenomenon» кітабының жарыққа шығуы - мен үшін үлкен қуаныш. Бәрін есептесем, 100 мың данамен шыққандары бар, бүгінге дейін кітаптарым жалпы алғанда 330 мың данамен жарық көріпті,- деген Медеу Сәрсеке университет ректоры Алтынбек Нұхұлына алғысын білдірді.

 Шара барысында жиналған жұртшылық жазушыға үлкен қошемет-құрмет көрсетті.  


ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Жанасыл  Еркен






Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Кеше

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • 19 Шілде, 2019

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Әкімдерге бағаны халық беруі керек

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар