Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

«Үздік мемлекеттік қызметкер » конкурсына қатысушылар саны артып келеді

1598 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы Хакимбек Атадусов мәлімдеді.

«Үздік мемлекеттік қызметкер » конкурсына қатысушылар саны артып келеді

-Мемлекеттік қызметкерлерді ынталандырып, ерекше ықыласын ояту мақсатында ұйымдастырылатын конкурстың бүгінгі таңда ауқымы өте кең. Оны аудан және облыс орталықтарынан қатысуға ниет білдірген үміткерлердің санының артуынан байқауға болады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 27 үміткер өңірлік кезеңде бақ сынаса, оның 20-сы Республикалық кезеңге жолдама алды. Олардың ішінде Маңғыстау облысының атынан қатысқан екі қатысушымыз Бауыржан Тұяқов пен Рамир Алекберов жеңімпаз атанды. Қатысушы бір сәтке болсын жұмысбастылықтан арылып, білім мен біліктілігін көрсетіп, тәжірибесін шыңдайды. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін қалыптастырып, осы салаға қызығушылығын арттыру қажет, дейді ҚР мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы Хакимбек Атадусов.

Аталған конкурсқа 1 жыл мемлекеттік қызметте өтілі бар, әкімшілік және тәртіпті жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер қатыса алады. Бұл орайда үміткер өз қызметіндегі өзекті мәселелерді шешуге қосқан жеке үлесі, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында жеткен жетістіктерімен ерекшеленеді.

-Бұл конкурс маған ерекше мотивация болды. Санамда жеңіске деген ұмтылыс, қызметіме деген зор ықыласым биікке шығарды. Ұйқысыз өткізген күндерім текке кетпегенін, бүгінде әріптестерімнің маған мақтанышпен қарағанынан түсінемін. Бір түйгенім, адам өзін дамытудан ешқашан жалықпау керек. Бұл сайыстың арқасында көп нәрсе үйрендім. Республикалық кезеңде облысымыздың атын асқақтатқаныма қуанамын, дейді «Үздік қызметкер- 2018» жеңімпазы, Маңғыстау облысы жастар мәселесі жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Тұяқов.

Өңірлік және Республикалық кезеңде өткізілетін конкурсқа құжаттар 5- сәуір мен 5- мамыр аралығында қабылданады. Үміткердің конкурсқа қатысу туралы өтініші, сондай-ақ  «Не себепті мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықтымын?» тақырыбында жазылған мотивациялық эссесі болуы міндетті.

Қатысушыларды бағалау үшін конкурстың бірінші кезеңінде өңірлік комиссия құрылады. Оза шауып, үздік деп танылған жеңімпаздар 23-маусым «Мемлеттік қызметкерлер күні» қарсаңында марапатталып, Республикалық кезеңге жолдама алады. 

-Жыл сайын әр  мекеме жас мамандармен толығуда. Олардың «Әдеп кодексінен» бастап, заңнамаларды білу деңгейін саралау үшін бұл конкурстың маңызы зор. Былтырғы жылмен салыстырғанда қатысушылар дені артып, конкурсқа деген қызығушылық басым болғаны бізді қуантады. Бұл шара мемлекеттік қызметкердің өзін басқа қырынан танытып, шығармашылық тұрғыдан дамып, көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуіне мол мүмкіндік. Сондықтан бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне қоғам болып атсалысуымыз керек, деген пікірде комиссия мүшелері –«FORTE BANK» АҚ филиалының директоры Аббат Өрісбаев және «Маңғыстау Медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дутбаева.


Маңғыстау облысы