Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

«Eurasian Book Fair-2019» көрмесінің аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері өтеді

704 реткөрсетілді

Кітап көрмесіне қатысушыларды 150-ден астам іс-шаралар мен таныстырылымдар күтіп тұр.

Көрмеде жас авторлардың қатысуымен «Ашық әңгіме» ақындық марафон, кітаптық әңгімелесу (book talks), әдебиет клубының отырысы, «Кітапты қалай тиімді оқу керек?» тақырыбына арналған шеберлік сыныптары, танымал ақын-жазушылармен автограф-сессия ұйымдастырылады. Олардың ішінде балалар кітабы Бүкілресейлік фестивалінің директоры және жазушы Юрий Нечипоренко, «Кит плывёт на север», «Совиный волк» кітаптарының авторы Анастасия Строкина бар. Сондай-ақ, танымал балалар жазушысы Анна Гончаровамен интерактивті және шығармашылық кездесу болады.

«Қойшығара Салғараұлының «Ұйқасқа түскен ойлар», Орхан Памуктың «Сезім музейі», «Менің атым Қырмызы» және Әкім Таразидің 80 жылдығына орай «Тұлпардың ізі: сценарийден фильмге дейін» кинотанушы Назира Рахмановананың кітаптары, түрік жазушысы және драматург Ришата Гунтекинаның «Үзілген жапырақтар» атты кітабының тұсаукесері өтеді», - деді Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева.

Бұл шараның аясында танымал мәдениет қайраткерлері, жазушылар және ақындармен кездесулер де ұйымдастырылады. Олардың арасында жас ақын Мерген Тоқсанбай мен Мемлекеттік премия иесі, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдаулет, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов та бар.

Сонымен қатар, жас қонақтарға қызықты ойын-сауықтық бағдарлама да әзірленген. Атап айтқанда, балалардың шығармашылық дамуына сеп болатын "Мимиория" шеберлік сағаты, Радуга мен Искорка атты мультфильм кейіпкерлері және Льюис Кэроллдың "Алиса ғажайыптар әлемінде" кітабының желісіне негізделген интерактивті квест ойындары мен балалалар жазушыларымен кездесу, вокалдық сайыстар және концерттік бағдарламалар.

Көрме барысында «Үздік оқулық», «Үздік өлкетану басылымы», «Балаларға арналған кітап», «Мәдениет пен өнер», «Ғылым мен инновациялар», «Гран-при» 6 номинация бойынша үздік кітаптар анықталады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Спартакиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 15:25

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар