Туған жерде еңбек ету – зор бақыт
Жұма, 17 тамыз 2012 6:59
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” тапсырмалары Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңіне бастайтындығы кәміл. Алдағы кезеңнің түбегейлі даму сипаттарын жан-жақты қамтыған мәселелердің кеңінен қолдау табуы – Мемлекет басшысының уақыттан озық әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдағанын көрсетті. Өзінің кәсіби еңбек жолын жұмысшыдан – болат балқытушыдан бастаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектегі өмірбаяны Қазақстан халқы үшін мінсіз өнеге болып табылады.
Жұма, 17 тамыз 2012 6:59
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” тапсырмалары Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңіне бастайтындығы кәміл. Алдағы кезеңнің түбегейлі даму сипаттарын жан-жақты қамтыған мәселелердің кеңінен қолдау табуы – Мемлекет басшысының уақыттан озық әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдағанын көрсетті. Өзінің кәсіби еңбек жолын жұмысшыдан – болат балқытушыдан бастаған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектегі өмірбаяны Қазақстан халқы үшін мінсіз өнеге болып табылады. Елбасының бағдарламалық мақаласының қоғамды дүр сілкінтіп, орасан зор қолдауға ие болғаны да сондықтан. Президент еліміздің дамуында әрбір адамның өз орнын табуын, Отанына пайдалы болуын ұсынды. Өйткені, туған жерде еңбек ету – зор бақыт! Біз өз еліміздің тарихында Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығындай осыншама ұлан-асыр табысқа жетіп көрген жоқпыз. Қазақстанның және халқымыздың осы заманғы келбетін бүкіл әлемге паш еткен адам – жас мемлекетіміздің Тұңғыш Президентінің нақ өзі. Халқымыз өздерінің алдағы жетістіктерін Президенттің нақ өзімен байланыстырады.
Президенттің мемлекеттік саясаты терең ғылыми талдауға ғана емес, сонымен бірге елдің мәселелерін шешуге көмегін тигізетін келешекті көре білуіне негізделгені даусыз. Мемлекет басшысы адамдарды пайымдай білетін, оларды өзінің құлшынысымен жігерлендіретін, түсіне және қолдай білетін тамаша қасиетке ие. Нұрсұлтан Назарбаев біздің облысымызда болғанда, жаңа нысандарды аралаумен шектелмей, адамдармен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік тапқанын солтүстікқазақстандықтар өз көздерімен көрді.
Бүгінгі таңда елдің ересек тұрғындары ғана емес, сонымен бірге жастар да Президенттің жаңа бағдарламалық мақаласын терең түсіну үдерісі үстінде. Әлеуметтік жаңғырту туралы Президенттің стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған түбегейлі ұсыныс енгізілген нақ қазіргі сәтте біз облыс жастарымен кездесу кезінде “Менің арманым – Қазақстанда еңбек ету” деген тақырыпта шығармалар мен рефераттар конкурсын жариялауды ұсындық. Сөз жоқ, патриоттық тәрбие берудің бұл нышаны жасөспірімдер мен қыздардың елдегі оң өзгерістерді жете сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуға тиіс, деп Президент тектен-тек айтқан жоқ. Әрбір азаматты, әсіресе, жастарды жасампаздық үдеріске тарту – табысымыздың негізі.
Елдегі сапалық өзгерістердің нәтижесінде қазақстандықтардың сана-сезімі де жаңғыру үстінде. Қазіргі қазақстандықтар – ең алдымен өздеріне сенімді адамдар. Біздің баршамыз өз елімізді мақтан тұтамыз. Таяудағы болашағымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен сенімді түрде алға басқан еліміздегі ұлан-ғайыр жетістіктер кезеңі болмақ.
Президент өзінің мақаласында атап көрсеткеніндей, “Өмір сапасының “қазақстандық үлгі-қалыбы барлық жерде – ірі қалада да, алыстағы ауылда да – орындалуға тиіс”. Нәтижесінде мәслихаттар жергілікті мәселелерді шешу үшін тұрғындар сайлайтын өкілдік органдар ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізіне айналады, ал ауыл әкімдері мемлекеттік міндеттерді орындауға қоса ашық түрде жергілікті мәселелерді шешетін болады. Міне, осындай көзқарас тұрғындардың өз мәселелерін өздері шеше алатындығын сезінуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттің көмегімен бірге адамдарды қызу қоғамдық жұмысқа тарта алады.
Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында қоғамды түбегейлі өзгертетін небір өзекті мәселелерді қозғады. Олар мемлекеттік жүйені жетілдіруге, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға қатысты.
Мемлекеттік қызметшілер Президент саясатының негізгі жүзеге асырушылары болып табылады. Олар жылдам өзгеретін өмірден қалып қоймай, болып жатқан өзгерістерді ұдайы бақылауға және талдау жасауға, болашақты болжай білуге тиіс. Осындай жағдайда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Біздің облысымыздағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 4864, олардың 4632-і – әкімшілік, 232-і саяси мемлекеттік қызметте, ал 2550 мемлекеттік қызметші (52,4 пайыз) жергілікті атқару органдарында, 2314-і (47,6 пайыз) аумақтық органдарда жұмыс істейді. 30-39 жас (28 пайыз) аралығындағы мемлекеттік қызметшілердің саны басым. Жыл басынан бері облыстың мемлекеттік органдарында 130 бос әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурс өткізіліп, оған 631 адам қатысты. Яғни 1 орынға конкурс 4,8 адамды құрады. Нәтижесінде 107 жеңімпаз анықталды. Конкурс жеңімпаздарының көпшілігі 30 жасқа дейінгілер, олар 62 пайызды құрады, 85 пайызы жоғары білімді, мемлекеттік қызметте бір жылға дейін өтілі барлар – 56 пайыз.
Үстіміздегі жылы 549 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің 477-і (87%) аттестаттаудан өтті, ал 72 әкімшілік мемлекеттік қызметші одан өте алмады. Әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлар резервінде 146 адам, соның ішінде 68 әйел (46,5%) бар. Олардың 50 %-ы 30 жасқа дейінгілер, жоғары білімділер – 85, мемлекеттік қызметте бір жылға дейін өтілі барлар – 55%.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік мемлекеттік қызметшілерді, соның ішінде жастарды қайта даярлауға және біліктіліктерін арттыруға зор көңіл бөледі. Облысымызда 1015 мемлекеттік қызметші оқытылды, соның ішінде 19-і – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында, 793-і өңірлік оқыту орталығында, 203-і – салалық ведомстволарда. Игерілгені – 37,6 миллион теңге, мұның өзі бөлінген бюджет қаражатының жылдық көлемінің 57,4 пайызын құрайды.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі тұрғындарға уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге саяды. Міне, сондықтан да “Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі туралы” Мемлекет басшысының Жарлығын орындау біздің агенттікке жүктелген. Соған сәйкес аумақтық басқарма мемлекеттік органдардың тұрғындарға сапалы, уақтылы қызмет көрсетуін қадағалап отырады.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында тәртіптік кеңестің хатшылығы 154 тексеріс жүргізіп, 724 заңбұрмалаушылықты, соның ішінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың – 686, жемқорлыққа қарсы күресетін заңнаманы бұрмалаудың 24 фактісін анықтады. Тәртіптік кеңестің 4 мәжілісінде 50 басшы мен лауазымды адам тыңдалып, 28 тәртіптік іс қаралды. Құқық тәртібін бұзғаны үшін 37 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тәртіптік кеңестің бүкіл мәжілістері жария түрде өткізіледі, оларға жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің және “Нұр Отан” ХДП жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағалары БАҚ өкілдерімен бірге қатысады. Тәртіптік кеңес қоғамдық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істейді. Мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтау туралы алдын алу және түсіндіру жұмысы ұдайы жүргізіледі, соның ішінде облыс орталығында және аудандарда семинарлар өткізіледі. Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын, соның ішінде оларды жергілікті жерде қабылдау жүзеге асырылады. Басқарманың ресми web-сайты 3 тілде ұдайы жаңартылып отырылады. Бұл бағыттағы санқырлы жұмыс жалғаса береді.
Президентіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің барлық жылдарында терең талдау, жан-жақты қарастыру, келешекті көре білу негізінде ел дамуының стратегиясын жасап келеді, мұның өзі елдің экономикалық, саяси, мәдени жағынан оза дамуын қамтамасыз етті. Президенттің “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” мақаласынан туындайтын жаңа, баршамызға және тұтастай халқымызға айрықша маңызды міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру қоғамымыздың мүлдем жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл – бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін ұлттық идея.
Тілеген ҚАСКИН,
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңестің төрағасы.
ПЕТРОПАВЛ.