18 Тамыз, 2012

Міндетіміз – заңдылықтың сақталуын қадағалау

266 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Міндетіміз – заңдылықтың сақталуын қадағалау

Сенбі, 18 тамыз 2012 7:30

Қазақстан Республикасының Про­­куратура туралы заңының 3-бабы 4-тармағында «Заңда бел­гі­ленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қа­даға­лау актілері барлық органдар, ұй­ымдар, лауазымды адамдар мен аза­маттар үшін міндетті деп көр­сетілген.  Заңнамаға сәй­кес  аза­мат­тар мен адам құқық­тарын қор­ғауда, сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы күрес жүргізуде Алматы облысында үстіміздегі жылдың алты айында 50 495 заң бұзушылық анық­талып, 313 на­ра­зылық қанағаттан­дырылды және  1 969 заңсыз акті­лердің кү­­ші жойылды. Жауапты тұл­ғалар тәртіптік, әкімшілік жа­уап­керші­лікке тартылды. Соттармен жалпы көлемі 101 739 940 тең­гені құрайтын 13 мүліктік емес және 24 мүліктік сипаттағы талап арыз қанағаттандырылды. Пр­оку­рор­лық ықпал ету актілері негізін­де барлығы 657 569 404 теңге болатын залал өндіріліп, прокурор­лық тексерулер қоры­тындысы бойынша 39 қылмыс­тық іс қоз­ғалды.

 

Сенбі, 18 тамыз 2012 7:30

Қазақстан Республикасының Про­­куратура туралы заңының 3-бабы 4-тармағында «Заңда бел­гі­ленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қа­даға­лау актілері барлық органдар, ұй­ымдар, лауазымды адамдар мен аза­маттар үшін міндетті деп көр­сетілген.  Заңнамаға сәй­кес  аза­мат­тар мен адам құқық­тарын қор­ғауда, сыбайлас жем­қор­лыққа қар­сы күрес жүргізуде Алматы облысында үстіміздегі жылдың алты айында 50 495 заң бұзушылық анық­талып, 313 на­ра­зылық қанағаттан­дырылды және  1 969 заңсыз акті­лердің кү­­ші жойылды. Жауапты тұл­ғалар тәртіптік, әкімшілік жа­уап­керші­лікке тартылды. Соттармен жалпы көлемі 101 739 940 тең­гені құрайтын 13 мүліктік емес және 24 мүліктік сипаттағы талап арыз қанағаттандырылды. Пр­оку­рор­лық ықпал ету актілері негізін­де барлығы 657 569 404 теңге болатын залал өндіріліп, прокурор­лық тексерулер қоры­тындысы бойынша 39 қылмыс­тық іс қоз­ғалды.

Ал, еңбек, зейнетақы төлем­дері және басқа да әлеуметтік құ­қық­тар мен тұрғын үй жағ­дайында 2 463 азаматтың конс­титуциялық құқығын қорғау шаралары жүзеге асырылып, 94 450126 теңге көле­мін­де еңбек­ақыны төлеу қамтама­сыз етілді.

Ескелді ауданында бюджет қа­ра­жаты есебінен салынған 70 пә­терлі тұрғын үйді бөлу ке­зінде тұрғын үй алу құқығына ие аза­маттардың кезекте тұрғанына қара­мастан пәтерлер заңсыз бе­ріл­ген. Қазір аталған ауданның әкімдігі осы пәтерлерді қайта бөлу мәсе­лесімен айналысуда. Осы­ған байланысты заңнаманы белінен басқан тұрғын үй-ком­му­налдық шаруа­шы­лығы бө­лі­мінің бастығы Көшербай Ха­лық­бер­генов сыбайлас жем­қорлық әрекеттері үшін қыз­метінен босатылды.

Жалпы, облыс бойынша «Сы­­­байлас жемқорлыққа қарсы кү­рес туралы» ҚР Заңын өрес­кел бұз­ған 38 факті анықталды. 32 наразылық қанағаттандыры­лып, 37 заңсыз ак­тінің күші жойылды. 7 қылмыстық іс қозғалып, 124 азамат тәртіптік жауапкер­шілікке тартылды. Мысалы, Іле аудандық білім беру бөлімі бастығының орынбасары Ербол Оспанов сыбайлас жемқорлыққа қа­тысты әрекеттері үшін қызме­тінен босатылды. Сондай-ақ, кә­мелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау туралы заңна­малардың орындалуын қа­даға­лау нәтиже­сінде 4 қылмыстық іс қоз­ғалды және 12 дерекке жедел іздес­тіру шараларын ұйымдас­тыру туралы екі  қаулы шыға­рылып, нәти­жесінде бопсалаумен айналысқан екі топқа құрық салынды.

Бүгінде балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру  және оқы­туды қамтамасыз ететін «Балапан» бағ­дар­ламасы жүзеге асырылып жатыр. Осыны тексеру барысында балалардың санын жалған көбей­тумен, басқа да жолдармен 59 211 503 теңге кө­лемінде бюджет қар­жы­сын жым­қыру жәйттері анық­талды. Со­ған орай алты  қылмыс­тық іс қозғалды. Бұлардан бөлек  «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат бағын тексеру кезінде та­биғат қорғау заңнамаларын өрес­кел бұзу жайы да белгілі болды. Осыған байланысты 3 597 980 теңге көлемінде шығын келтіргені үшін ҚР ҚК 176-бабы, 2-тармағы, «а,б,в» тармақшала­ры­мен қылмыс­тық іс қозғалып, Ауыл шаруашы­лығы министр­лігіне заң бұзушы­лықты жою туралы ұсыныс енгізіл­генін де айта кеткен жөн.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қор­ғау барысында облыстық прокуратура тарапынан атқарылған жұ­­мыс­тарға келетін болсақ, жыл басынан бері «Бизнес тірегі» сайтында заң бұзушылық туралы 39 арыз тіркелді. Оның 29-ы бойынша ақпа­рат расталып, 24 кәсіп­кердің құқық­тары қорғалды. Мысалы, осы сайт­қа жеке кәсіпкер Бақыт Сұ­рақбае­ваның меншігін­дегі «Же­тісу» дүке­ніне Ауыл шаруашы­лығы ми­нис­трлігінің Сарқан ауданы бойынша өкілі заң тәртібі бойынша тіркел­меген тексеру таға­йындап, актісіз тексеру ашқаны жайлы арызы түс­кен  еді. Осыған  қатысты Сарқан ауданы­ның прокуратурасы Жұмаға­ли Сәтбаевтың үстінен ҚР ӘҚБтК 153-бабы 1-тармағымен әкімші­лік іс қозғап, аудандық соттың қаулы­сымен атал­ған азаматқа 10 айлық есептік көр­сеткіш көле­мінде айып­пұл салынды.

Облыстық прокуратура аза­мат­тардың еңбек құқығын қор­ғауды қадағалау барысында да өз мінде­тіне жауапкершілікпен қа­рап келе­ді. Мысалы, өткен кезең ішінде еңбекақы берешегі бар 13 кәсіп­орынның саны 8 кәсіп­орын­ға төмендеді. «Ремстройтехника» ак­цио­нерлік қоға­мы жыл басынан бері 393 адам­ға 18 152 942 теңге еңбекақы берешек болған. Тексеру нәтижесінде, кәсіпорын­ның кассасына 86 миллионнан астам қаржы түскені, олар өзге шығыстарға жұмсалғаны анық­талды. Біздің ұсынымызбен олар­дың еңбекақы­сы толығымен тө­ленді. Жалпы, бюджет қаржысын жұмсау және оны жинақтау  заң­­д­ы­­­­­лығын про­курорлық қадағалау актілерімен 657 569 404 теңгенің залалы өн­дірілді.

Ал, Жамбыл ауданының прокуратурасы 3 131 400 теңгені құрай­тын бес  жер пайдалану­шы­ға ауыл ша­руа­шылығы шығын­дарын өнді­ру шараларын қолдан­ды. Сондай-ақ 36 жер пайдаланушы мемлекеттен алған жер телімдері үшін келісім-шарт бойынша жалпы құны 44 415 104 теңге тиісті төлемдерді төле­меген. Сол үшін аудан прокуратурасы аудан әкімінің атына заң бұзу­шылықты жою туралы ұсыныс енгізді. Бұдан бөлек Іле аудан­ын­ың прокуратурасы тарапынан аудан­­дық сотқа 1 775 700 теңгені құрай­тын ауыл шаруашылығы шығын­дарын өндіру жөнінде 7 талап арыз берілді.

Көлік жолдарын салуға бө­лін­ген бюджет қаражатының жұмса­луын тексеру барысында жолды сапасыз салу, жоспарлау-бағалау құ­жаттарына сәйкес жұмыс істемеу фактілері де анықталды. Деректер бойынша 7 сот-құры­лыс сараптамалары та­ға­йындал­ды. Жер қаты­настары бағыты бойынша 1199 заң бұзу­шылықтар анықталып, 94 нара­зылық енгі­зілді, 870 заңсыз акті­лердің күші жойылып, заңға сәйкестендірілді, 101 адам тәр­тіп­­тік жауапкерші­лікке тартылып,  екі қылмыстық іс қозғал­ды.

Қорыта айтқанда, Елбасының қойған талаптарына сәйкес, Бас прокуратураның алқа мәжілісін­де прокуратура органдарына берілген нұсқаулықтар, яғни әлеуметтік-экономикалық салада азаматтар мен адам құқықтарын, бостандық­тарын қорғауға бағыт­талған про­курорлық қадағалау облыс аума­ғында толық жүзеге асырылуда.

Ернат СЫБАНҚҰЛОВ,

Алматы облысы прокурорының

бірінші орынбасары.