Спорт • 18 Сәуір, 2019

Су добынан Қазақстан әйелдер командасы Ресей кубогін сарапқа салады

638 реткөрсетілді

27 сәуір күні су добынан әйелдер командалары арасында Ресей кубогінің финалдық кезеңі басталады. Аталған сынға қатысу үшін Қазақстан командасы 21 сәуір күні Ресейге ұшып кетеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл туралы құраманың бас бапкері Алан Балфанбаев мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда команда мүшелері Тараз қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 21 сәуір күні дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Златоустқа ұшып кетеміз. Ресей кубогі аяқталған соң, елге оралып, жаттығуды жалғастырамыз.  Маусының 15-30 аралығында Ресей ұлттық құрамасымен бірлескен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. 2020 жылдың ақпан айында олимпиада ойындарына аймақтық іріктеу турнирі біздің елімізде өтеді. Сол сында лицензияға таласатын боламыз», - деді Балфанбаев. 

Еске сала кетейік, су добынан Ресей кубогін үздік сегіз команда сарапқа салады. Сондай-ақ, су добынан әйелдер құрамасы 12-28 шілде күндері Кванджуда өтетін әлем чемпионатына қатысады. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар