Руханият • 19 Сәуір, 2019

Ақтауда татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығына арналған кеш өтті

1033 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығына арналған кеш өтті

Қошқар ата қорымында өткен сенбілік татар этномәдени бірлестігі ұйымдастырған мерекелік шараға ұласты.          

Маңғыстау облысындағы Халықтар достығы үйінің кең залына этномәдени бірлестіктердің өкілдері жиналды. Кешті ашқан «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Фандал Сахибгареев, «қазақ жеріңдегі достық пен татуластықтын арқасында, осындай шығармашылық кеш өткізу жақсы дәстүрге айналды» деп атап өтті.  «Ғабдолла Тоқайдың рухани мұрасы - бүкіл адамзаттың игілігі.

Тағдырдың қалауымен ол Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі, қазақ және татар халқының рухани туыстық тарихы болып есептеледі, деді Ф.Сахибгареев. Шығармашылық кеш татар халқының әнұранына айналған «Туған тіл» әнімен басталды. Сонымен қатар, ақынның өлеңдері татар, қазақ және орыс тілдерінде көрермендердің назарына ұсынылды. Әсіресе, балалардың қатысуымен Г. Тоқайдың туындыларынан қойылған қысқаша үзіңділер көрермендердің көнілдерінен шықты.

Кеш соңында қонақтар татар этномәдени бірлестігі мүшелеріне  ризашылықтарын білдірді. «Алан» осетиндық этномәдени бірлестігінің төрағасы Фатима Биркле көпшілікке алан халқының өленің оқып берді.