Руханият • 20 Сәуір, 2019

Атырауда домбырадан «Saz Perneli Saraishyq» халықаралық фестиваль-сайысы өтеді

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауқымды шара 26-28 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы ӨКҚ-дегі брифингте жоба жетекшісі Айгүл Үлкенбаева мәлімдеді.

Атырауда домбырадан «Saz Perneli Saraishyq» халықаралық фестиваль-сайысы өтеді

- Жайық жағасына 12 мемлекеттен өнерпаздар қатысады. Фестивальге 35 жастан асқан отандық музыканттар қатыса алады, шет елдік қатысушылар үшін жас шектеулігі жоқ. Яғни, мемлекеттік марапаттары бар музыканттар қатыса алмайды,- дейді Айгүл Үлкенбаева.

Шараға Индонезиядан дирижер Франки Раден бастаған фольклорлық ансамбль, Иран, Тәжікстаннан өнерпаздар келеді деп күтілуде, сондай-ақ атыраулық «Сармад» ансамблі, «Мұрагер» этно-фольклорлық ансамблі және алматылық «Хассақ» ансамблі  құрметті қонақ ретінде өнер көрсетеді.