Руханият • 20 Сәуір, 2019

«Бала дауысы -2019» байқауының кезекті финалисті анықталды

1323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 сәуір күні Атырау қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының төртінші мауысымының іріктеу кезеңі өтті.

«Бала дауысы -2019» байқауының кезекті финалисті анықталды

8 бен 12 жас аралығындағы балалар үшін байқаудың іріктеу кезеңдері елімізде 29 наурыздан бастап өтуде. Атырау облысына дейін шығармашылық топ Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына барып қайтты.

Әділ қазылар алқасын бастап келген Атырау облысы финалистінің жұлдызды тәлімгері Динара Сұлтан балаларға арналған ауқымды жобаға алғаш рет қатысқан болатын. Соған қарамастан, ол байқау ережелері бойынша кезекті финалистті таңдай алды.

Финалға жолдама алу сәті Тілекқабыл Альфияға бұйырды. Бүлдіршін қазылар алқасы мен көрермендердің алдында өзің көрсете білді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш әнді керемет орындап шыққты. Дарынды баланы  анасы бастаған бір топ жақындары қолдап келді.. Олар «Жандану әлемі» қоғамдық қоры, Әлия Назарбаева мен жобаның шығармашылық тобына кішкентай қазақстандықтарға ашатын үлкен мүмкіндіктер үшін алғыс білдірді.

Күзде Альфия Қазақстанның басқа аймақтарының 16 финалисттерімен «Жұлдызды Арман үйінде» кездеседі. Байқаудың Суперфиналына дайындалу мақсатында балалар вокал, хореография және әртісттік қабілеттерін арттыратын сабақтарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері бүлдіршіндер жобаның ақтық бағдарламаларында өнер көрсетіп, байқауға арнайы жазылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы – 2019» байқауының жеңімпазы музыкалық оқу орнында білім алуға мүмкіндік беретін грант пен Диснейленд ертегілер әлеміне саяхат жолдамасын ұтып алады.